Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Абайтанушы Қайым Мұқамедханұлының 110 жылдығына арналған кітап көрмесі өтті

Абайтанушы Қайым Мұқамедханұлының 110 жылдығына арналған кітап көрмесі өтті


Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі қазақ әдебиетінің, абайтану мектебінің негізін қалаушылардың бірі, қазақтың көрнекті ғалымы, әдебиет тарихшысы, тағдырлы тұлға, профессор, Қазақстан Республикасы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, нағыз энциклопедист Қайым Мұхамедхановтың 110 жылдығына орай «Абайтанудың асқан білгірі» атты тақырыпта кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрме таныстырылымына аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев, «Орталық» бастауыш партия ұйымының төрағасы Совет Бабанаев, сондай-ақ кітапхана оқырмандары қатысты.
Көрмеде Қайым Мұхамедхановтың өмір жолы мен шығармашылығы, әр жылдарда жазған мақалалары мен қазақ әдебиетінің тарихына қатысты зерттеулері, шетел драматургтерінен аударған драмалық шығармалары, пьесалары және әр жылдарда жазған өлеңдері төңірегінде сөз қозғалды. Сондай-ақ, қоғам қайраткері Қайым Мұхамедхановтың қазақ ғылымына қосқан сүбелі үлесіне тоқталып, Қайым Мұхамедхановтың ұлы ақын Абай әлемін зерттеудегі жанқиярлық еңбегіне айрықша тоқталды.

Артына өшпес із қалдырған ғалым бейнесіне, оның шыншылдығы мен адалдығына, қанша азап көрсе де қайыспаған қайсарлығын да баяндап берді.

Қайым есімі қазақ халқы үшін абайтану ғылымымен, шәкерімтанумен және алғашқы гимннің авторы ретінде таныс. Бұдан да басқа оның өміріндегі «тұңғыш» деген мәртебелер мына жағдайда: Семей қаласында ашылған Абай музейінің тұңғыш директоры, ұлы ақын шығармаларының текстологиясын зерттеген тұңғыш ғалым, шәкерімтану ғылымының негізін қалаушы болып өрнектеледі.

Өз кезегінде партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев кітап көрмесінің мазмұны мен тәрбиелік маңызына тоқталып, кітапхана ұжымына алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Сондай-ақ ұлттық-рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған осындай тағылымды шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім білдірді.

16 қаңтар 2026 ж. 134 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031