«Кітап – аманат» жобасы аясында көрме ұйымдастырылды

Көрмеге «Орталық» БПҰ төрағасы Бабанаев Совет Кеңесұлы мен бастауыш партия ұйымына қарасты топтық ұйымдардан партия мүшелері қатысты.
Абай сөзі - халқымыздың рухын асқақтатып, еңсесін түзеген аталы сөз. Қазақ халқы ұлы ақынның мұрасы арқылы толысып өсті. Ұлы Абай шығармаларынан қазақ баласының салауатты тәрбие алып, ұлттық өсіп-өнуіне қажетті көптеген өсиет сөздерді табуға болады. Оның шығармалары мен қара сөздері қазақ халқын ғана емес, жалпы адамзат баласын екі ғасырдан бері рухани құндылықтарға жетелеп келе жатқаны белгілі-деді Совет Кеңесұлы.
Бұдан соң кітапхана қызметкерлері тарапынан жиналғандарға көрмеге қойылған кітаптар мен ақынның шығармалары таныстырылды.
#AMANAT