Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аймақ басшысы «Шиелі-Тайқоңыр» автокөлік жолын жөндеу жұмыстарымен танысты

Аймақ басшысы «Шиелі-Тайқоңыр» автокөлік жолын жөндеу жұмыстарымен танысты

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Қазыбек Иса «Шиелі-Тайқоңыр» автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты, – деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Аталған жол учаскесі «Kazatomprom» ұлттық атом компаниясының еншілес мекемесі «KAP Logistics» серіктестігінің қолдауымен жөндеуден өткізілді. Жобаның басты мақсаты – аудан орталығы мен өндірістік нысандар арасындағы көлік қатынасын жақсарту, ауыл тұрғындарының қауіпсіз әрі қолайлы көлік қозғалысына жағдай жасау, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беру.
Күрделі жөндеуге 2 млрд 555 млн теңге бөлінген. Мердігер мекеме «PK Story Group» серіктестігі қолға алған жолдың ұзындығы 13 шақырым, ені 7 метр. Жөндеу кезінде жол жамылғысы толық жаңартылып, белгілер мен инфрақұрылым қауіпсіздік талаптарына сай орнатылуда.
Аймақ басшысы жауапты сала басшыларына сапаны қатаң бақылауда ұстап, жұмысты белгіленген мерзімде әрі талапқа сай аяқтауды тапсырды.
Айта кетейік, 2022-2025 жылдары 1600 шақырым автомобиль жолдары мен 30 көпір өткелін салуға, күрделі жөндеуге 150 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Былтыр жол инфрақұрылымын дамытуға бюджеттен 50 млрд. 605 млн. теңге қаралып, 329 шақырым автомобиль жолдары, көшелер мен көпір өткелдері жөндеуден өтті. Өңірде жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 95 пайызға жетті.
13 қаңтар 2026 ж. 137 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031