Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда рақымшылық бойынша мыңдаған сотталған бостандыққа шықты

Қазақстанда рақымшылық бойынша мыңдаған сотталған бостандыққа шықты

Қазақстанда рақымшылық бойынша мыңдаған сотталған бостандыққа шықтыЖИ/Ulysmedia
Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылық аясында 2 мыңнан астам адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) мәлімдеді.
– Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде соттар 15 970 ұсынысты қарады. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен 2 мыңнан астам адам, оның ішінде әйелдер мен кәмелетке толмағандар босатылды, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ соттар 11 мыңнан астам сотталушының жаза мерзімін қысқартқан.
–  Рақымшылық кәмелетке толмағандарды, балалы әйелдерді, жүкті әйелдерді, мүгедектерді және қарт адамдарды қамтыды. Заң пенитенциарлық жүйеге түсетін жүктемені азайтуға және әлеуметтік әділеттілікті қолдауға мүмкіндік берді, – деп атап өтті ҚАЖК.
Бостандыққа шыққан азаматтардың барлығы пробация қызметтерінің тұрақты бақылауында және полицияда жеке есепке қойылған.
11 қаңтар 2026 ж. 300 0

Бозкілемнің барысы

18 сәуір 2026 ж. 54

Көптен күткен игілік

18 сәуір 2026 ж. 49

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930