Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Рақымшылыққа ілігетіндердің санаты жарияланды

Рақымшылыққа ілігетіндердің санаты жарияланды

Ел Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай рақымшылық жарияланады. Осыған байланысты Қазақстанда зейнет жасындағы сотталғандар, мүгедектер және кәмелетке толмай қылмыс жасағандар түрмеден мерзімінен бұрын шығарылуы мүмкін, деп хабарлайды Caravan.kz порталы КТК-ға сілтеме жасап.

Амнистияға тек қоғамға қауіп төндірмейтіндер ғана ілігеді. "Рақымшылық туралы" заң әлі де Парламент қарауында. Құжатта жеңіл және орта деңгейде қылмыс жасағандарды түрмеден босату көзделген. Ал ауыр және аса қауіпті қылмысқа барғандардың жазасы жеңілдетіледі. Ең алдымен рақымшылық кәмелетке толмағандарға, аяғы ауыр келіншектер мен балалы әйелдер және ер адамдарға, мүгедектер және егде жастағы сотталушыларға жасалады. Жаңа заң қабылданып, президент оған қол қойса, төрт мыңнан астам адам бостандыққа шығады, делінген хабарламада.
Жазасын өтеп жатқандардың арасында амнистияға ілікпейтіндер де бар.
Жанар Шайдуллина, ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің бөлім бастығы:
Рақымшылық ҚР ҚК 78-бабына сәйкес, жасөспірімдерді жыныстық зорлау, террористік және экстремистік қылмыс, қылмыстық топ пен ұйымдардың экс-мүшелеріне жасалмайды. Ал Қылмыстық процестік кодекстің 476-бабының 15-тармағына сәйкес, амнистия жасауға қатысты соңғы шешімді сот жеке-жеке қабылдайды. Заң жобасына сәйкес, босатылғандарға әлеуметтік қолдау қарастырылған.
05 қазан 2021 ж. 963 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 149

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 165

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 178

Аудан әкімі ауылдарды аралады

31 желтоқсан 2025 ж. 164

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 167

Жылан жылындағы жақсы істер

31 желтоқсан 2025 ж. 142

Жылқы жылынан не күтеміз?

31 желтоқсан 2025 ж. 182

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031