Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Рақымшылыққа ілінген қазақстандықтардың алғашқысы бостандыққа шықты

Рақымшылыққа ілінген қазақстандықтардың алғашқысы бостандыққа шықты

Фото: freepik.com

Қостанай облысында Конституцияның 30 жылдығына орай рақымшылыққа іліккен сотталғандардың алғашқысы бостандыққа шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, өңірдегі колонияларда барлығы шамамен 2000 адам жазасын өтеп жатса, солардың 300-і рақымшылыққа іліккен. Бүгін, 2 шілдеде олардың алғашқылары бостандыққа шықты.
"Бұл оқиға – олардың өмірінде маңызды кезең, оларға бәрін жаңа парақтан бастап, қоғамдағы толыққанды өмірге оралуға мүмкіндік береді. Рақымшылық жай ғана қайырымдылық актісі емес, бұл – болашаққа салынған инвестиция, онда әрбір азамат түзеліп, ел дамуына үлес қосуға мүмкіндік алады", – деп атап өтті Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті өкілдері.
Рақымшылықпен бостандыққа шыққандарға жаңа өмірге бейімделу үшін қажет қолдау көрсетіледі. Оларға жұмысқа орналасуға, әлеуметтік байланыстарын қалпына келтіруге және қажет құжаттарды алуға көмек беріледі.
Еске салсақ, 2025 жылғы 23 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев рақымшылық туралы заңға қол қойды. Осы заң аясында Қазақстанда 15 мыңнан астам сотталушылар Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылыққа ілінбек. Олардың шамамен 2000-ы бостандыққа шығады, қалғандарының жаза мерзімі қысқартылады.
02 шілде 2025 ж. 369 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 29

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031