Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі "Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" аудандық бөлімінің жұмысымен танысты

Аудан әкімі "Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" аудандық бөлімінің жұмысымен танысты

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов «Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясы» Қызылорда облыстық филиалының Қазалы аудандық бөліміне барып, мекеменің жұмысымен тұрғындарға көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтердің барысымен танысты. Бөлімше басшысы Асылхан Түктібаев аудан басшысына атқарылып жатқан жұмыстар мен қызметтер жайында кеңінен баяндап, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің түрлері, халықты құжаттандыру, электронды қызметтер мен цифрлық сауаттылықты арттыру бағытында қолға алынған шаралар жөнінде жан-жақты ақпарат берді. 2025 жылы Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясының аудандық бөлімшесі арқылы азаматтарға барлығы 35116 қызмет түрлері көрсетілген.
Аудан басшысы мекеме қызметкерлеріне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялап, бүгін ғана Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне қол қойғанын, бүгінде еліміз цифрландыру саласында ілгері жетістіктерге жеткен алдыңғы қатарлы 20 мемлекеттің, ал, онлайн-қызметтер индексі бойынша көшбасшы мемлекеттердің қатарына кіретінін жеткізді. Сонымен қатар тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру, әсіресе мемлекеттік қызметтердің ашық әрі сапалы көрсетілуі, қызмет алушылардың уақытын үнемдеу, цифрлық жүйелердің тиімділігін арттыру – бүгінгі күннің басты талабы екенін атап өтті. Қызмет алушылармен тілдесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Мемлекеттік қызмет сапасын жақсарту мақсатында ұжымға нақты тапсырмалар жүктеп, келушілердің разылығын арттыру – ең басты міндет екенін еске салды. Ал, Әйтеке би кентінің әкіміне мекеме ауласына арнайы автотұрақ салу мәселесін қолға алуды тапсырды.
Аудан басшысы бөлім ғимаратымен танысу барысында, бұған дейін Әйтеке би кентінде салынған автодромды іске қосудың екінші кезеңі бойынша биыл қажетті қаржы бөлінген жағдайда тиісті жұмыстар атқарылатындығын айтты. Бұл өз кезегінде жергілікті тұрғындар мен көршілес Арал, Қармақшы аудандарының 180 мыңнан астам халқы үшін жүргізуші куәлігін аудан орталығынан алу мүмкіндігін кеңейтіп, облыс орталығына сабылу қажеттілігін жоймақ.
11 қаңтар 2026 ж. 253 0

Тарихтан жеткен тағылым

03 наурыз 2026 ж. 173

Жылдам байлық иллюзиясы

03 наурыз 2026 ж. 76

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031