Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа игіліктерге иек артпай, жаңашылдыққа қадам басу мүмкін емес

Жаңа игіліктерге иек артпай, жаңашылдыққа қадам басу мүмкін емес

Елімізде 2026 жыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланды. Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің мақаласында цифрлық технологияларды дамыту елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттырудағы негізгі бағыттардың бірі екенін атап өтіп, жыл аясында жаңа технологияларды мемлекеттік басқаруда, бизнес пен білім, денсаулық сақтау салаларында белсенді түрде енгізу үшін стратегиялық маңызға ие екендігін баса айтқан болатын. Бұл шешім заманауи технологияларды енгізу мен цифрлық трансформацияны жеделдетуді көздеуге, қазақстандықтардың өмір сапасын арттырып, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге және инновациялық дамуға мүмкіндік беретіні анық.
Апта басында цифрландыру және жасанды интеллект саласын дамыту мәселесіне байланысты аудан әкімі Алмасбек Есмаханов ауқымды жиын өткізді.
Күн тәртібіндегі негізігі мәселе – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласындағы маңызды қадамдар таныстырылып, олардың ауданда іске асырылу жолдары талқыланды.
Аудан әкімі өз сөзінде әлемде 220 мемлекет бар екенін, соның алғашқы 20-сына ену үшін цифрлық инфрақұрылымды дамыту, жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз ету деңгейін арттыру маңызды екенін атап өтті. Ол бұл мақсатқа жету үшін нақты іс-шаралар жоспарын бекіту қажеттігін айтты.
Қолданыстағы «Электрондық үкімет» платформасы арқылы азаматтар көптеген мемлекеттік қызметтерді онлайн алу мүмкіндігіне ие. Бұл қадам уақыт үнемдеумен қатар, бюрократиялық кедергілерді азайтуға ықпалдасуда.
Денсаулық сақтау саласында цифрландыру ерекше маңызды. Отбасылық цифрлық карталарды енгізу арқылы пациенттің толық медициналық тарихын онлайн бақылауға болады. МӘМС жүйесі арқылы медициналық қызметтерге қолжетімділікті арттыру және алғашқы медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту мақсатында жаңа электрондық жүйелер іске қосылған.
Жер ресурстары, агроөнеркәсіптік деректер және кәсіпкерлерге арналған қызметтер электронды форматта ұсынылуда. Бұл шешімдер саланың тиімділігін арттырып, экономикалық дамуға серпін береді.
Білім беру саласында онлайн платформалар мен электронды оқу құралдары белсенді қолданылуда.
Жаңашылдықтың тағы бір маңызды аспектісі – ақпараттық қауіпсіздік. Мемлекет цифрлық инфрақұрылымды қорғау, жеке деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп отыр.
Цифрландыру қызмет көрсету сапасын арттыру, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және тұрғындардың өмір сапасын көтеру мақсатында қарқынды түрде дамып келеді.
«Қазіргі таңда цифрлық технологиялар мемлекеттік қызметтерді пайдалануда және күнделікті өмірде ерекше маңызды рөл атқарады. Алайда ауылдық жерлерде интернеттің әлсіздігі мен қажетті құралдардың жеткіліксіздігі салдарынан цифрлық сауаттылық төмен деңгейде қалып отыр. Бұл теңсіздікті жоюымыз қажет», – деді Алмасбек Әбілқасымұлы.
Аудан басшысы цифрлық инфрақұрылымды дамыту, интернет сапасын жақсарту және тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру бағытында нақты қадамдар жасауға басымдық берілетінін жеткізді.
Аудан 2025 жылдың 11 айында мактрэкономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика көрсеткен.
Аппарат отырысында қосымша елді мекендердің дамуы, жол инфрақұрылымы, энергетика және әлеуметтік мәселелер жан-жақты талқыланды. Жиында дайын жобаларды қаржыландыру, өтпелі нысандардың құжаттандырылуы және сапалы орындалуын қадағалау мәселелері ерекше аталды.
Жоспар бойынша Ү.Түктібаев ауылы наурыз айында толық жаңа электр желілерімен жаңғыртылмақ.
Сонымен қатар, ауылшаруашылығын әртараптандыру, су ресурстарын тиімді пайдалану, жастар мәселесі, қоғамдық саяси ахуалды тұрақтандыру, кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері де назардан тыс қалмады.
Денсаулық сақтау саласында алғашқы медициналық көмек көрсету, МӘМС және Отбасылық цифрлық картаны енгізу бойынша нақты тапсырмалар берілді. Әсіресе әлеуметтік жағынан осал Д, Е санатындағы отбасылардың қолдаудан тыс қалмауы басты назарда ұстау да айтылды.
Аудан әкімі А.Есмаханов жұмыс сапасын санға емес, сапаға бағдарлау маңыздылығын атап өтіп, барлық бағыттар бойынша нақты тапсырмалар беріп, жаңа қадамға серпінмен басу қажеттігін айтты.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
10 қаңтар 2026 ж. 36 0

Бақытқа бастар бір шешім

10 қаңтар 2026 ж. 53

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031