Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аймақта ветеринарлық пункттердің құрылысы жүргізілуде

Аймақта ветеринарлық пункттердің құрылысы жүргізілуде

Өткен жылы облыс көлемінде эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында аса қауіпті ауруларға қарсы 7 468,5 мың доза ветеринариялық препарат салынып, алдын алу жұмыстары 100 пайызға орындалған. Ал, сібір жарасы ауруына қарсы 1 692,1 мың басқа алдын ала егу жұмыстары жүргізілген. Бұл туралы кеше Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық ветеринария басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев айтты.
– Қазіргі таңда ақпараттық жүйеде 1 336,8 мың бас жануар тіркелген. Өткен жылы бруцеллез ауруына қарсы 1 933,0 мың бас жануар диагностикалық тексеруден өтті. Энзоотиялық аурулардың алдын алу мақсатында облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, 758,1 мың басқа екпе егілді. Сонымен қатар, сала тарапынан жануарларды бірдейлендіру жұмыстары да тұрақты түрде жүргізіліп, ақпараттық жүйеге енгізіліп отыр. Өткен жылы жоспарланған 398,1 мың бас ауыл шаруашылығы жануарлары 432,2 мың басқа бірдейлендірілді. Сала мамандарымен бірге жүйелі түрде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде өткен жылы облыста ауыл шаруашылығы жануарлары арасында аса қауіпті аурулар тіркелмей, эпизоотиялық тұрақтылық сақталды,- деді Шахмардан Сұлтанбекұлы.
Кейінгі жылдары ветеринариялық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жаңартуға баса назар аударылды. Жұмысты ілгерілету мақсатында облыс әкімінің қолдауымен соңғы 3 жылда облыстық бюджеттен 682,3 млн теңге бөлінген.
– Бұл қаржыға ветеринариялық ұйымдар 100 пайыз 163 дана компьютер, 163 дана термочемоданмен қамтылса, 71 арнайы автокөлік алынып, 52 пайызға жаңартылды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнімін 2 есеге арттыру жөніндегі Жол картасына сәйкес ветеринариялық ұйымдар үнемделген қаржысы есебінен 101,4 млн. теңгеге 6 бірлік блоктық-модульдік ветпункт ғимаратының құрылыс жұмыстары жүргізуде. Қазіргі таңда 2 ғимарат пайдалануға беріліп, 4 ғимараттың жұмыстары жалғасуда. Биыл бұл көрсеткішті 10-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз,- деді Шахмардан Қойшыбаев.
брифинг.jpg
Фото: Нұрболат Нұржаубай/Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
kyzylorda-news.kz
23 қаңтар 2025 ж. 145 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 116

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 115

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 112

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 99

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930