Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыста Эпизоотикалық ахуал тұрақты

Облыста Эпизоотикалық ахуал тұрақты

Биылғы жылы аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша және эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында аса қауіпті 14 түрлі жұқпалы ауруға республикалық бюджет есебінен 7468,5 мың доза ветеринариялық препараттар қаралды.
Облысқа бөлінген 7123,2 мың доза ветеринариялық препараттар аудандарға таратылды. 9 айлық жоспарға сәйкес 5726,9 мың доза препараттың 4987,4 мың дозасы алдын ала егіліп, жұмыстың 87 пайызы орындалды.
Салада атқарылып жатқан ауқымды істерді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев айтып берді.
– Өңірімізде сапалы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы арқылы облысымызға аусыл ауруынан таза аймақ мәртебесі берілді. Бұл өңіріміздің экспорттық әлеуетін арттыруға мол септігін тигізеді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп, ақпараттық жүйеге енгізілді. 1 қыркүйекке дейін ақпараттық жүйеге 1567,6 мың бас ауыл шаруашылығы жануарлары тіркелді. Ветеринария саласына аймақ басшысының да қолдауы ерекше. Биылғы жылдан бастап алғаш рет 10 шілде «Ветеринария қызметкерлері күні» болып белгіленді. Аймақ басшысының қатысуымен іс-шара өткізіліп, саланың ардагерлері мен үздік қызметкерлері марапат мінберінен көрінді. Сонымен қатар, биыл облыстық бюджеттен 26 арнайы автокөлік сатып алынып, ветеринария ұйымдарына берілді, – деді Шахмардан Қойшыбаев.
Облыста Эпизоотикалық ахуал тұрақты.jpg
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

19 қыркүйек 2024 ж. 320 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 110

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 125

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930