Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Енді 1414-тен SMS код келмейді": Жеке деректерге қол жеткізу ережесі қатаңдатылуы мүмкін

"Енді 1414-тен SMS код келмейді": Жеке деректерге қол жеткізу ережесі қатаңдатылуы мүмкін

Мұны Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Бас прокуратурамен бірлесіп жүзеге асырады.  
Фото: Midjourney
Бұл – қазақстандықтарды интернет-алаяқтардан қорғау үшін жасалған қадам, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 
Ақпараттық жүйе иелеріне 1414 SMS хабарламаларының орнына ресурстарға қол жеткізу ережелерін қатаңдату тапсырылып отыр. 
– Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін кейбір мемлекеттік ақпараттық ресурс пен сервиске бір реттік код арқылы кіру мүмкіндігі болған. Бұл тәсілді алаяқтар өз пайдасына қолдануы ықтимал еді. Олар ықтимал жәбірленушінің телефон нөміріне 1414 қысқа нөмірінен SMS-хабарлама жіберіп, жеке деректеріне қол жеткізе алуы мүмкін, – делінген Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі таратқан хабарламада. 
Осылайша, бұдан-былай 1414 SMS-кодын қолданатын ақпараттық жүйелерге кіру қосымша қорғалған және тек биометриялық аутентификация, электронды цифрлық қолтаңба немесе арнайы QR-код арқылы ғана қолжетімді саналмақ. 
Осы айдан бастап көрсетілген міндетті талаптарды енгізбеген жүйелер 1414 SMS-шлюзінен ажыратылмақ. 
Азаматтардың цифрлық сауатын арттыру үшін eGov Mobile мобильді қосымшасының басты бетінде әртүрлі ұсыныс жазылған ақпараттық баннерлер орналастырылып отыр. Онда күмәнді әрекеттерді қалай тану, кибергигиена ережелерін сақтау және цифрлық сервистерді қауіпсіз пайдалану туралы ақпараттар бар.
10 желтоқсан 2025 ж. 118 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031