Аудан әкімі ақ жаулықты аналарды жаңа жыл мерекесімен құттықтады
Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Жаңа жыл мерекесіне орай елдің бірлігі мен берекесіне, татулығы мен тұрақтылығына үлес қосып жүрген бірқатар ақ жаулықты аналармен кездесіп, мерекелік лебізін білдірді.Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов пен аудандық Әйелдер кеңесінің төрайымы Роза Асанова және Қазалы ауданының Құрметті азаматтары, еңбек ардагерлері Ажаркүл Алдажарова, Бибісара Әби және Құралай Бекжанова, ақын Алмагүл Қаржаубаева, Әйтеке би кенттік Әйелдер кеңесінің төрайымы Райхан Ідірісова сынды абзал аналар қатысты.
Кездесу барысында аудан басшысы аналардың ел дамуындағы елеулі еңбектерін атап өтіп, батыр аналардың қандай құрметке болсын лайық екендігін, оларды қадірлеу – бүгінгі ұрпақтың парызы екенін атап өтті. Сондай-ақ мерекеге орай жылы лебізін жеткізіп, сый-құрмет көрсетті.
— Елдің берекесі – үлкендердің батасы мен ақылында. Сіздердің ақ тілектеріңіз бен тәлімдеріңіз бізге әрқашан жол көрсетіп, жақсылыққа жетелейді. Жаңа 2026 жыл дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық алып келсін, — деді аудан әкімі.
Өз кезегінде ардақты аналарда мерекемен құттықтаған аудан басшысына
шынайы ризашылығын жеткізіп, елдің амандығын тілеп, ақ батасын берді. Жылы жүздесуге ұласқан басқосу ақ тілектермен қорытындыланды.














