Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігерлерге қол көтеріп, тіл тигізгендерге жаза күшейтіледі

Дәрігерлерге қол көтеріп, тіл тигізгендерге жаза күшейтіледі

Фото: istockphoto.com

Мәжіліс депутаттары медицина қызметкерлеріне шабуыл жасап, қол көтергендерге жазаны күшейтуді көздейтін заң жобасын қарауға кіріседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сәрсенбі күні Мәжіліс отырысын ашқан депутат Асхат Аймағамбетов әлеуметтік-мәдени даму комитеті дәрігерлерді агрессивті науқастардан қорғауға бағытталған заң жобасын қарауға дайын екенін айтты.

"Біз дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін қорғау мақсатында маңызды заң жобасын дайындадық. Онда медицина саласы өкілдеріне күш қолданғандарға қатысты жазаны едәуір қатаңдату туралы нақты нормалар қарастырылған", - деді Аймағамбетов.

Депутат соңғы жылдары мұндай оқиғалар жиілеп кеткенін айтты. Бір дәрігер жұмыс орнында соққыға жығылса, екіншісіне жедел жәрдем көрсетуге барған үйде тіл тигізіп қорлаған.

"Комитет бұл құжатты қарауға және тиісті қорытынды дайындауға дайын", – деді ол.

Заң жобасы Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге енгізілетін түзетулерге қатысты болады. Шілде айында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова журналистерге Қылмыстық кодекске жаңа 158-1-бапты енгізу ұсынылғанын айтқан болатын. Бұл бап медицина қызметкерлеріне қорқыту немесе күш қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды қарастырады.

Атап айтқанда:
• қорқыту әрекеті тіркелсе, 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу
• күш қолдану фактісі болса, 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру
• егер қылмыс төтенше жағдай кезінде жасалса, 10 жылға дейін
• егер шабуыл бірнеше медицина қызметкеріне қарсы немесе топпен жасалса, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделеді.

Мәжіліс талқылап жатқан заң жобасында бұл жазалар сол күйінде сақталып-сақталмағаны әзірге белгісіз.

Жазаны қатаңдату туралы шешім шілде айында болған екі атышулы оқиғадан кейін қабылданды. Алдымен Қарағандыдағы жеке клиникада науқас медбикені ұрып-соққан, сол күні Қостанай облыстық ауруханасының қабылдау бөлімінде ер адам хирург Антон Кистановқа шабуыл жасаған. Дәрігер ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне түскен болатын.
12 қараша 2025 ж. 118 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930