Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігерлерге шабуыл жасағаны үшін жазаны қатаңдату: заң жобасы Мәжіліске берілді

Дәрігерлерге шабуыл жасағаны үшін жазаны қатаңдату: заң жобасы Мәжіліске берілді

Фото: Midjourney
Медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін жазаны қатаңдататын заң жобасын Мәжіліс депутаттары қарай бастайды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Мән-жайды Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
"Бүгін дәрігерлерді қорғауға арналған маңызды заң жобасын жұмысқа қабылдадық. Онда медицина қызметкерлеріне күш қолданғандарға жазаны қатаңдату ұсынылған. Кейінгі жылдары мұндай жағдай жиілеп кетті: бірі жұмыс орнында соққыға жығылды, енді бірі тіпті жедел жәрдемге келген үйде қорлық көрді. Президент бұл мәселені бірнеше рет көтеріп, жазда депутаттардың ұсыныстарын қолдайтынын айтып, Үкіметке нақты тапсырма берді. Дәрігер қорғансыз болмауға тиіс!" - деді депутат.
Бұған дейінгі жағдай
Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау мәселесіне қатысты Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу жоспарланып отырғанын мәлімдеді:
қауіп расталған жағдайда 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу;
күш қолданылса, 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
қылмыс төтенше жағдай кезінде жасалса, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
шабуыл медицина қызметкерлеріне бағытталса және топпен жасалса, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
12 қараша 2025 ж. 99 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930