Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол түзелмей, ел түзелмейді

Жол түзелмей, ел түзелмейді

Жолдар мұратқа жеткізеді. Автомобиль жолдары – мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуын қамтамасыз ететін маңызды инфрақұрылым саласы. Себебі жол қатынасы халықтың күнделікті өмірінде, жүк тасымалдауда, өндіріс пен саудада ерекше рөл атқарады. Елдің өркендеуі сапалы және қауіпсіз автомобиль жолдарына байланысты.
Елді мекендер арасындағы байланысты қамтамасыз етіп, қалалар мен ауылдарды, өндіріс орындары мен нарықтарды біріктіретін жол желісінің дамуы ішкі және сыртқы сауданың өсуіне, туризмнің дамуына және халықтың өмір сүру сапасының жақсаруына ықпал етеді.
Экономиканың күретамыры жол инфрақұрылымын дамыту – мемлекет үшін стратегиялық маңызды міндет. Жол – қауіпсіз қозғалыс пен тұрақты дамудың кепілі.
Аудан әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2024 жылы Қазалы ауданында маңызы бар автомобиль жол құрылысын дамытуға 1 миллиард 144,5 миллон теңге бөлініп, 27,3 шақырым жол жөндеуден өткен. Жолдың жақсы жағдайдағы үлесі 88,2 процентті құраған.
2025 жылға аудандық маңызы бар Жанқожа батыр ауылының кіре беріс жолын күрделі жөндеуге 476,8 миллион теңге бөлінген. «Әлсейт» көпірінен Бекарыстан би ауылына дейінгі аралық автомобиль жолын күрделі жөндеуден өткізуге 836,7 миллион теңге бөлініп, барлығы – 1 миллиард 313,5 миллион теңгеге 9,5 шақырым жол жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жүзеге асқан жұмыстар 2025 жылы аудандық маңызы бар автомобиль жолдардың жақсы жағдайдағы үлесін 91 процентке жеткізген.
Жыл басынан бері қала және елді мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеуге 1 миллиард 481,3 миллион теңге қаржы бөлінген. 2024 жылы жұмысы басталған Қазалы қаласының 10 көшесінің жұмысын жалғастыруға 471,0 миллион теңге қаралған. Нысан 2026 жылға өтпелі. Олар М.Ерлепесов, Б.Мергенбаев, Ш.Уәлиханов, М.Рахашұлы, Әйтеке би, Жалаңтөс батыр, Хегай Гер Сек, Қ.Бәкішев, Ж.Жабаев, Ы.Жақаев көшелері.
Әйтеке би кентінің 17 көшесін жөндеуге 756,0 миллион теңге бөлінген. Қатарында Желтоқсан, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Я.Михайлюк, Ә.Әліпбаев Аманкелді, Қобыланды батыр, Төремұрат жырау, С.Жәрімбетов, Т.Қорабаев, Т.Рұсқұлов, Д.Оразымбетов, қала маңындағы шаруашылық, Мүсірәлі қожа, Қызылбас палуан, И.Жақыпов, Д.Айдаров көшелері бар. Инфрақұрылым игілігі ауылдық жерлерге де жеткен. Басықара ауылындағы Т.Мұсабаев көшесін жөндеуге 53,8 миллион теңге, Жалаңтөс батыр ауылының Жалаңтөс батыр, Ә.Тілеубаев көшелеріне 149,6 милион теңге, және Майдакөл ауылындағы Алмас көшесін жөндеуге 50,2 миллион теңге бөлініп, игерілген.
Тұрғындары алаңдатқан аудан орталығы көшелеріндегі жаяу жүргіншілер жолы жайы да назардан тыс қалмаған. Әйтеке би кентіндегі Жанқожа батыр көшесі мен Т.Бөріқұлақов және Қ.Пірімов көшелерінің қиылысына өткен жылдан бері жол айрықтары салынса, Жанқожа батыр көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілер жолы жаңарған.
Биылғы жылы 119,6 миллион теңгеге Қ.Пірімов көшесінен мәдени-демалыс кешеніне дейін және Р.Бағланова көшесіне және Ақарық каналынан аудандық емханаға дейін жаяу жүргіншілер жолының құрылысы жүргізілген.
2025 жылға облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы арқылы «Қарлан» көпірінің жұмысын жалғастыруға 758,4 миллион теңге жұмыстар жүргізіліп жатқандығын жеткізді аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» бөлімі басшысы міндетін қоса атқарушы Жасұлан Сыдықов. Ацтуынша, 2025 жылы көпірдің жоба сметалық құжаттарының қажетті қаржысына қайта есептеме жүргізіліп, жоба құны 6 миллиард 746,6 миллион теңгеге ұлғайтылған. Нысан 2026 жылғы өтпелі.
Алтын ӘДІЛХАНҚЫЗЫ
23 желтоқсан 2025 ж. 117 0

Оңалтудың үйлесімді орталығы

23 желтоқсан 2025 ж. 111

Түнгі қонақ

23 желтоқсан 2025 ж. 121

Маңызды мәселелер қаралды

23 желтоқсан 2025 ж. 118

Жол түзелмей, ел түзелмейді

23 желтоқсан 2025 ж. 118

Тұрғындарға тиімді баға

23 желтоқсан 2025 ж. 114

Жаңа жылға – жаңа нысан

23 желтоқсан 2025 ж. 115

Ақсуатта бекет ашылды

23 желтоқсан 2025 ж. 122

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031