Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Автожол саласын дамыту мәселесі талқыланды

Автожол саласын дамыту мәселесі талқыланды

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде автожол саласын дамыту және салаға цифрлық технологияларды енгізу мәселесі қаралды. Жиынға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.
Үкімет отырысынан кейін аймақ басшысының төрағалығымен өткен мәжілісте мәселелер кеңінен талқыланып, қала, аудан әкімдері мен сала жетекшілеріне тапсырма жүктелді.
«Биылғы меже – жақсы жағдайдағы жолдардың үлесін 95 пайызға жеткізу. Өткен жылы жөндеуден өткен жолдардан анықталған кемшіліктерді шұғыл қалпына келтіріп, қаржының толық игерілуін қамтамасыз етіңіздер. Автомобиль жолдары мен көшелерді салу, жөндеу жұмыстарының сапасын қатаң бақылауға алыңыздар. Жобалардың мерзімінде аяқталуын басты назарда ұстаңыздар», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Айта кетейік, облыс аумағынан 3545 шақырым жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарыы өтеді, оның 1024,5 шақырымы –республикалық, 555 шақырымы – облыстық, 1965,5 шақырымы –аудандық маңызы бар автомобиль жолдары.
Өткен жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында жол инфрақұрылымын дамытуға 44 млрд. 700 млн. теңге бөлініп, 300 шақырымнан асатын автомобиль жолдары, елді мекен көшелері мен көпір өткелдері жөндеуден өтті. Бұл арқылы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 92 пайыздан асты.
Биыл жергілікті жол инфрақұрылымын дамытуға бюджеттен 33 млрд. 500 млн. теңге бөлінді. Оған 329 шақырым жол жөнделіп, көрсеткіш 95 пайызға жеткізілмек.
@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

05 ақпан 2025 ж. 174 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 110

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 108

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 107

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 96

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930