Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Энергетикалық инфрақұрылым: тұрақтылық және «жасыл» технологияларға көшу

Энергетикалық инфрақұрылым: тұрақтылық және «жасыл» технологияларға көшу


2024 жыл инфрақұрылымды жаңғыртуға және жаңартылатын энергия көздерін дамытуға бағытталған бірқатар маңызды қадамдар арқылы Қазақстанның энергетика саласы үшін маңызды кезең болды. «Жылу-электр энергетикасын дамыту» бағдарламасы шеңберінде 14 жобаны іске асыруға, оның ішінде, жылумен қамту және электрмен жабдықтау нысандарын реконструкциялауға республикалық бюджеттен 52,7 млрд теңге бөлінді. Орал қаласында қосалқы 2 станса пайдалануға берілді, бұл өңірді энергиямен қамту сенімділігін едәуір арттырды.

Сондай-ақ қайтарымды инвестициялар лимиті ұлғайтылды, бұл энергетикалық жабдықтарды жаңғырту бойынша жобалар пулын кеңейтуге мүмкіндік берді.Сонымен қатар жылу жүйесінің тиімділігін арттыруға және халыққа қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған «Жылу энергетикасы туралы» Заң қабылданды. Энергетикалық компаниялардың қаржылық тұрақтылығын және инфрақұрылымды жаңғыртуды қолдауды қамтамасыз ететін электр энергиясы мен қуатының дайындығын қолдау жөніндегі қызметтерге тарифтердің көтерілуі маңызды сәт болды. Жалпы, жылу және электр энергетикасы саласында 2024 жылы жаңғырту мен күрделі жөндеу жұмыстарына 327 млрд теңгеден астам қаржы жоспарланған.

Халықаралық ынтымақтастық маңызды салаға айналды. Қазақстан Сауд Арабиясы, Қытай және Ресей сияқты шетелдік серіктестермен стратегиялық бірнеше келісімге қол қойды. Мысалы, наурыз айында Сауд Арабиясымен 1 ГВт жел электр стансасын іске асыру туралы келісімге қол қойылды, ал қарашада Қытаймен қуаты 1,8 ГВт жел және күн электр стансаларын салу туралы келісімге қол қойылды. Аталған жобалар жаңартылатын энергия көздерін дамытуда және еліміздің энергетикалық базасын әртараптандыруда маңызды қадам болмақ.


@KZgovernment

Фото: maqat-tynysy.kz
18 желтоқсан 2024 ж. 242 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031