Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қамыс қоймасынан өрт шықты

Қамыс қоймасынан өрт шықты




Құрметті аудан тұрғындары!

Сағат 22:00-дер шамасында Әйтеке би кентінің батыс беткейіндегі қамыс қоймасынан өрт шықты.

Қазалы аудандық өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері дер кезінде жетіп, тілсіз жауды ауыздықтауға күштерін жұмсауда.

Оқиға орнына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арнайы барып, барлығын бақылауда ұстап отыр. Тиісті сала мамандарына тапсырма беріп, өрт сөндірілмейінше оқиға орнында болуды жүктеді.

Өртті сөндіруге 4 өрт сөндіру көлігі, 5 тиегіш көлік және 80-ге жуық адам жұмылдырылды. Адам шығыны жоқ.

Қазіргі таңда тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондықтан аудан тұрғындарынан түсіністік танытуларын сұраймыз.
19 қараша 2023 ж. 369 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930