Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Фото: istockphoto.com
Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарды жыл сайын скринингтік тексеруден өтуге шақырады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 80-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан азаматтары профилактикалық медициналық қарап-тексеруден және скринингтік зерттеулерден өтуге міндетті. Биылдан бастап МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан, онкоскринингтер барлығына қолжетімді.

Скрининг жүрек-қан тамырлары ауруларын, қант диабетін, глаукоманы, сүт безі, жатыр мойны және ішек обырын, В және С вирустық гепатиттерін, цереброваскулярлық бұзылуларды және басқа да қауіпті патологияларды ерте анықтауға бағытталған. Жас санаты мен тексеру жиілігін дәрігер медициналық стандарттарға сәйкес белгілейді.

Тексеруден өту үшін емханаға жеке куәлікпен бару жеткілікті. Сондай-ақ тіркелу, call-орталық немесе Damumed мобильді қосымшасы арқылы жазылуға болады. Көп жағдайда учаскелік дәрігерлер немесе мейіргерлер жас және өзге де өлшемшарттар бойынша тізім жасап, тұрғындарды өздері шақырады.

Скринингтен өтуге болатын негізгі санаттар:

Жүрек-қан тамырлары аурулары: 40-76 жастағы ерлер мен әйелдер;
Қант диабеті: 40-76 жастағы ерлер мен әйелдер;
Глаукома: 40-76 жастағы ерлер мен әйелдер;
Сүт безі обыры: 40-76 жастағы әйелдер;
Жатыр мойны обыры: 30-74 жастағы әйелдер;
Колоректалдық обыр: 50-76 жастағы ерлер мен әйелдер;
В және С вирустық гепатиті: медицина қызметкерлері, операция алдындағы пациенттер, гемодиализ, онкология, трансплантология, кардиохирургия, пульмонология орталықтарының пациенттері, донорлар және жүкті әйелдер;
Цереброваскулярлық бұзылулар: 50-76 жастағы ер адамдар.

Министрлік азаматтарға тексеруден ешқандай шағым немесе белгі болмаған жағдайда да өтуге кеңес береді. Бұл денсаулыққа сенімді болудың және ауруларды ерте анықтаудың тиімді жолы саналады.


14 тамыз 2025 ж. 169 0

Балалықтың тәтті бояуы

14 тамыз 2025 ж. 159

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031