Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда кім және қаншалықты жиі скринингтен өтуге тиіс: Нұсқаулық

Қазақстанда кім және қаншалықты жиі скринингтен өтуге тиіс: Нұсқаулық

Фото: pixabay.com
29 шілдеде Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен скринингтік зерттеулерден өтуге тиісті нысаналы топтар тізіміне, сондай-ақ осы зерттеулерді жүргізу қағидаларына, көлеміне және мерзімділігіне өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74 және 76 жасқа толған ерлер мен әйелдер артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома және мінез-құлықтық қауіп факторлары бойынша динамикалық бақылауда тұрмаса, екі жылда бір рет скринингтен өтуге міндетті.
Осы жастағы әйелдер сүт безінің қатерлі ісігі бойынша диспансерлік есепте тұрмаса, олар да екі жылда бір рет скринингтік тексеруден өтуі тиіс.
Сонымен қатар, жатыр мойны обыры бойынша есепте тұрмайтын 30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70 және 74 жастағы әйелдерге әр төрт жыл сайын скринингтен өту ұсынылады.
50 жастан 76 жасқа дейінгі ер адамдар цереброваскулярлық аурулар бойынша диспансерлік есепте тұрмаған жағдайда, олар екі жылда бір рет міндетті түрде тексеруден өтуі қажет.
Сол жастағы ерлер мен әйелдер, егер тоқ ішектің қатерлі және қатерсіз ісіктері бойынша динамикалық бақылауда болмаса, әр екі жыл сайын скринингтен өтуге тиіс.
Декреттелген азаматтар санаты үшін жеке талаптар белгіленген. Оларға В және С вирусты гепатиттерін ерте анықтау үшін алты айда бір реттен жиі емес тексеруден өтуге болады.
Бұл шаралар ауруларды ерте анықтап, алдын алуға бағытталған. Нәтижесінде емдеу тиімділігі артып, сырқаттану деңгейі төмендейді.
Еске салайық, бұған дейін енді МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған азаматтар да онкоскринингтен өте алатынын жаздық. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Денсаулық сақтау, ойын бизнесі және артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қабылданған түзетулер медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Енді онкологиялық ауруларды ерте анықтау және мүгедектігі жоқ пациенттерді есту аппараттарымен қамтамасыз ету бойынша жаңа шаралар жүзеге асырылады.
04 тамыз 2025 ж. 124 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031