Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛІП КЕЛЕДІ

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛІП КЕЛЕДІ

Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен өткен мәжілісте газ саласын дамыту мен цифрландыру, ауданның қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттің атқарылуы мәселелері қаралды.
Бүгінде Қазалы ауданы бойынша ауыл-аймақтарды газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Өткен жылдың өзінде Абай ауылы табиғи газға қосылса, биыл Ақтан батыр ауылының тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізді. Бұдан бөлек, қазіргі таңда Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл, Ү.Түктібаев елді мекендеріне тартылатын газ құбырының құрылысы жүргізілуде.
Мәжілісте жалпы аудандағы газдандыру жұмыстары бойынша аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Айдан Ниязов баяндама жасады.
Баяндамашыдан кейін аудан әкімі газдандыру жұмыстары бойынша осы жылға жоспарланған барлық жобаларды мерзімінде әрі сапалы аяқталуы керектігін айтты. Сондай-ақ табиғи ғазға қосылған елді мекендердегі әлеуметтік нысандардың бу қазандықтарын газға бейімдеу жұмыстары да жоспарға сәйкес жүргізілу керектігін ескертті.
Сонымен қатар аталмыш мәселеге байланысты жауапты сала басшыларына газ нысандарын «ҚазақГаз Аймақ» АҚ-ның теңгеріміне өткізу жұмыстарын аяқтау, әлеуметтік нысандарды газға бейімдеу бойынша дайын жобалардың қаржыландырылуын қамтамасыз ету, ауданнан авариялық диспетчерлік қызметін ашу бойынша тиісті ұсыныс енгізу сынды нақты тапсырмалар беріп, тапсырмалардың мерзімінде орындалуын жауапты орынбасарына қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Мәжілісте мұнан соң аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Бақытжан Жарылқап ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттің атқарылуы бойынша жасалып жатқан жұмыстарды баяндады.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы өңіріміздің негізгі көрсеткіші болып табылады. Үш айдың қорытындысымен қол жеткізген нәтиже жаман емес, алайда жыл соңына дейін осы қарқынмен бірлесе жұмыс жасап барлық сала бойынша белгіленген межелеріміз толық орындалуы қажет. Соның ішінде өңдеу өнеркәсібіне қатысты көрсеткіштер мен барлық макрокөрсеткіш бойынша өсімге қол жеткізу керек», – деді аудан әкімі.
Мәжілісте аудан басшысы күн тәртібінен бөлек басқа да санитарлық тазалық, абаттандыру жұмыстары, аудан көлемінде жүргізіліп жатқан құрылыс нысандары сынды бірқатар өзекті мәселелерді көтеріп, тиісті сала басшылары мен кент, қала және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.
24 сәуір 2025 ж. 46 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930