Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенат ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды бірінші оқылымда мақұлдады

Сенат ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды бірінші оқылымда мақұлдады

Фото: istockphoto.com

Сенат депутаттары "Архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды бірінші оқылымда мақұлдады.ұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құжатты бастапқыда 4 желтоқсанда қарау жоспарланған болатын, алайда ол сенатта талқылауға кейінірек шығарылды.
Заң жобасы Еңбек кодексіне және қолданыстағы 12 заңға өзгерістер енгізуді көздейді. Олардың қатарында балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы заңнама да бар. Ұсынылған нормалардың ішінде педофилияны және дәстүрлі емес жыныстық қатынасты насихаттайтын ақпараттың қоғамдық кеңістікте, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары, телекоммуникациялық желілер мен онлайн-платформалар арқылы таралуын шектеу қарастырылған.
Сенатор Амангелді Есебай аталған шаралар жас ұрпақты қорғауға, отбасы институтын нығайтуға және ұлттық құндылықтарды сақтауға бағытталғанын мәлімдеді.
“Дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттауды шектеуге бағытталған нормалар жас ұрпақты антиәлеуметтік құбылыстардан қорғауға, отбасы институтын нығайтуға, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және адамгершілік-рухани тәрбиені қамтамасыз етуге жағдай жасайды”, - деді ол.
Қорытындысында депутаттар сенаттың тұрақты комитеттері құжатқа қатысты ескертулер мен ұсыныстар білдірмегенін айтты. Дауыс беру нәтижесі бойынша заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
Еске сала кетейік, 12 қарашада Мәжіліс депутаттары педофилияны және "дәстүрлі емес жыныстық бағдарды" насихаттайтын ақпараттың таралуына тыйым салуды көздейтін заң жобасын екінші оқылымда қабылдаған болатын.


18 желтоқсан 2025 ж. 43 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031