Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлікте кең өріс бар

Кәсіпкерлікте кең өріс бар

Жыл соңында аудандағы қаржылық, әлеуметтік жағдайды саралау – мемлекеттік басқарудағы маңызды әрі қажетті үдеріс. Жыл бойы атқарылған жұмыстарға динамикасы жүзеге асқан істерді қорытындылап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпар беретіні анық. Қазалыдағы білім беру, денсаулық сақтау, жол жөндеу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, шағын және орта бизнесті қолдау сияқты негізгі салалардағы нәтижелер қандай? Бюджет қаржысының қалай және қандай мақсатта жұмсалды? Мемлекеттік қаражаттың ашық әрі тиімді пайдаланылуын қалай жүзеге асуда? Сараладық
Тиянақ бар жерде табыс бар. Жыл ішінде атқарылған әлеуметтік-экономикалық жұмыстар, шешемін тапқан проблемалар, іске асқан жобалар мен бағдарламалар осыны ұғындырды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметінің мәліметіне жүгінсек, жыл басында қойылған мақсаттар мен нақты нәтижелер көңіл қуантарлық.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін қалыптастырылатын және пайдаланылатын жергілікті қаржы жоспары – аудан бюджеті тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартып, әлеуметтік мәселелерді шешу және инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.
11 айында негізгі атқарылған жұмыстарына назар аударсақ, 2025 жылға бекітілген 18,9 миллиард теңге көлеміндегі аудан бюджеті есепті кезеңде 26,9 миллиард теңгеге жеткен. Нақтылап айтсақ, 7,9 миллиард теңгеге, яғни 41,9 процентке ұлғайған.
2025 жылдың 11 айында кірістер жоспары нақты 18,1 миллиард теңгеге орындалып, 101,2 процентті құраған. Шығындар жоспары 11 айда нақты 18,1 миллиард теңгеге яғни 100 процентке орындалған.
Ауданның өз кірістерінің жоспары 3,1 миллиард теңге болып бекітілсе, 11 ай ішінде 1 миллиард теңгеге ұлғайтылып, 4,1 миллиард теңге болып нақтыланған. Бұл 32 процентті көрсетіп отыр.
2025 жылдың 11 айында кірістер 3,9 миллиард теңгеге жоспарланса, нақты 4,1 миллиард теңге, 105,6 процентте іске асқан.
Макроэкономикалық көрсеткіштер – бұл жергілікті жердің және экономиканың жалпы жағдайын, даму деңгейін және бағытын сипаттайтын жинақталған сандық көрсеткіштер. Көрсеткіштің бұл түрі экономиканың қарқыны, халықтың тұрмыс деңгейі, мемлекеттің қаржылық тұрақтылығын, экономикалық өсім мен құлдырауды бақылауға мүмкіндік береді.
Әдетте негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер жалпы ішкі өнімдегі барлық тауарлар мен қызметтердің жалпы құны, өткен жылмен салыстырғандағы өзгерісі, инфляция деңгейі, жұмыссыздық деңгейімен сараланады.
Макроэкономикалық көрсеткіштерде оң тенденция сақталғаны байқалып отыр.
2025 жылдың 11 айында өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 27300 миллион теңге немесе 2024 жылмен салыстырғанда 101,1 пайызға артқан.
Бүгінде ел алдында шикізатты пайдасы жоғары өнімге айналдыратын саланы жетілдіру мен дамыту мақсаты тұр.
Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 24180 миллион теңгені құрап отыр. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 101,1 процентке көтерілгенін байқатады.
Өңдеу өнеркәсібі – қосылған құнды арттыру, яғни шикізатты сол күйінде сатпай, одан пайдалы әрі бағалы өнім шығару мақсатын көздейтін кәсіпкерлік бағыт. Ауданның өнім өндірушілері елдің өндірістік әлеуетін күшейту, аймақтың жаңа жұмыс орындарының ашылуы, экспорттың арттып, экономиканың әртараптануына ықпал еткен.
Ел экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз етіп, халықтың табысын арттыруға бағытталған шаралар жиынтығы шағын және орта бизнесті дамытумен тікелей байланысты.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мен Мемлекет басшысы ретінде шағын және орта бизнесті дамытуға айрықша мән беріп отырмын, негізгі мәселенің бәрі менің жеке бақылауымда. Үкімет кәсіпкерлікті жандандыру үшін ауқымды жұмыс істеп жатыр, кедергілерді жою үшін нақты шаралар қолданып келеді», – деп нақты мақсат жолында тегеурінді талап пен мемлекеттік қолдаудың маңыздылығын атап өткен болатын. Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті қолдауды мемлекет саясатындағы басты бағыттардың бірі ретінде атап, оны жеке бақылауға алғанын түсіндіріп, нақты істерге қатысып, назар аударып отырғанын айтады.
Қазіргі таңда мемлекет тарапынан кәсіпкерлердің бизнесін өрістетіп, жаңа белестерге жетуге мүмкіндік берілуі кәсіпкерлік саясаты табысының басты өлшеміне баланып отыр.
Шағын және орта бизнесті дамытуда аудан тұрғындары түрлі қаржылай қолдау, жеңілдетілген несие, мемлекеттік гранттар, субсидиялар мен инфрақұрылымдық қолдау, салықтық және әкімшілік жеңілдіктер, білім беру және кеңес беру, кәсіпкерлік оқыту курстарына ие болған. Жаңадан іс бастағандарға бизнес-жоспар жасауға көмек көрсетіліп, өңдеу өнеркәсібін қолдау, жергілікті өнім өндірушілерді дамытуда ауыз толтырып айтарлық істер атқарылған.
Шағын және орта бизнесті дамыту – экономиканың тірегі
Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны өткен жылмен салыстырғанда 5435 бірлікке немесе 95,6 прпоцентке көбейген.
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны өткен жылмеен салыстырғанда 5298 бірлік немесе 95,8 процентке ұлғайған.
Бөлшек сауда айналымы 13500 миллион теңге немесе өткен жылмен салыстырғанда 101,6 пайызға өскен.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 27841,7 миллион теңге яғни 103 пайызға артқан
Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 27100 миллион теңге немесе 107,7 процентке ілгерілеген
Аудан тұрғындары инфрақұрылым игілігін көріп отыр.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 12194 миллион теңге немесе өткен жылмен салыстырғанда 116,2 пайызға өскен. Бір ғана мысал, 63078 шаршы метр жерден тұрғын үй құрылысы бой көтерген. Өткен жылмен салыстырғанда 110 пайызға орындалғанын көрсетіп отыр.
Кәсіпкерлік саласында да кең өріс бар.
2025 жылы ауданда 2 млрд. 400 млн. теңгеге ірі 4 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 2 жоба іске қосылды.
Жеке кәсіпкер О.Медеубаеваның 600 миллион теңгенің сауда үйі, жеке кәсіпкер Е.Алданазаровтың 650 миллион теңгенің аквапарк пен қоғамдық тамақтану орны, жеке кәсіпкер А.Бақытбектің құны 500 миллион теңге тұрағын қонақ үйі пайдалануға берілді.
Игі бастамалардан ауыл халқы да тыс қалып отырған жоқ. Басықара ауылындағы «Арал рыбторг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 650 миллион теңгенің тауарлы балық өсіру тоғанының жобасы бойынша кәсіпкерге 464 гектар жер учаскесі табысталып, тоған құрылысы жүргізілуде.
Ауыл шаруашылығы дихандары биыл 17 мың 445 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырып, оның ішінде күрішті 5636 гектарға еккен. Қатарындағы дәнді дақылдар 5881 гектар, майлы дақылдар 500 гектар, картоп , көкініс, бақша 2159 гектар, мал азықтық дақылдар 8900 гектар. 2024 жылы 17029 га егілген болатын.
«Ауыл аманаты» жобасы аясында 2023 жылы 484,4 миллион теңгенің 68 жобасы қаржыландырылып, 92 жаңа жұмыс орны ашылса, 2024 жылы 399,1 миллион теңгеге 63 жоба жүзеге асып, 66 жұмыс орны ашылған. Биыл 288,8 миллион теңгеге 40 жоба қаржыландырылып, жоба аясында 50-ге жуық жұмыс орны ашылу көзделуде.
Бүгінгі көрініс кәсіпкерлік тек табыс табу ғана емес, сонымен бірге қоғамға пайда әкелу, инновацияларды енгізу және қазіргі нарық сұранысын қанағаттандыру мақсатында да маңыздылығын байқатуда. Сондықтан жауапкершілік пен бастамашылықты талап ететін салаға қолдау алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
16 желтоқсан 2025 ж. 91 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728