Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік саланың әлеуеті

Әлеуметтік саланың әлеуеті

Бүгінде елде халықтың әл-ауқатын арттыруға, тұрмыс-тіршілігін жақсартуға бағытталған ауқымды реформалар, бірегей бағдарламалар кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Атқарылған ауқымды жұмыстардың жүйелі жүргізілуі сала мамандарының, жауаптылардың күн тәртібінен түскен емес. Жақында аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Онда аудандағы әлеуметтік саланың дамуын жеделдету мәселесі қаралды.
Жалпы әлеуметтік сала денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, тұрғын үй, жұмыспен қамту, мәдениет пен спорт сияқты көптеген аспек¬тіні қамтиды. Оның ішінде экономика мен қоғамның ма¬ңызды бір бөлігі ретінде адамдардың күнде¬лікті өмі¬ріне тікелей әсер етеді. Осы тұрғыда биыл ел көлемінде көптеген іс-шара ат¬қарылды. Мәжілісте сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Совет Бабанаев хабарлама жасады.
Экономиканың түрлі саласында биыл ауданда 1921 жұмыс орны ашылса, оның ішінде 73 адам мемлекеттік бағдарламалар негізінде қайтарымсыз грант алған. 45 адам әлеуметтік жұмысқа, 72 адам жастар практикасына, 892 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 62 адам «Күміс жас» жобасына, 251 адам «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орны» жобасына, 66 адам «Ауыл аманаты» жобасына тартылған, 398 адам тұрақты жұмысқа тұрып, 62 адам ұлттық жоба бойынша жұмыспен қамтылған.
Жиында Жалғас Оңғарұлы салаға қатысты көрсеткіштердің барлығы 100 пайыз орындалу қажеттігін айтып, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысына ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп нәтижелі жұмыс жасауды тапсырды. Ал «Жастар практикасына» байланысты көрсеткіштерді толық орындамаған ауылдық округ әкімдерін қатаң сынға алып, жұмысты жандандыруды тапсырды.
Түптеп келгенде, әлеуметтік саланы дамыту – түрлі салалардағы мәселелер¬ді шешу, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту жолындағы мемлекеттік сая¬саттың басты бағыттарының бірі. Осы орайда нақты шаралар қабылдау, әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру, инфра¬құрылымды дамыту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру бағытындағы кешен¬ді жұмыстар үздіксіз жүргізілуі керек. Осы мәселеге нықтап ден қойылса, елде халықтың өмір сүру деңгейі көтеріліп, мемлекеттің жалпы дамуына оң әсер етері сөзсіз.

Айнұр ӘЛИ

02 тамыз 2025 ж. 129 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031