Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін барлық өңірде дабылды ескерту жарияланды

Бүгін барлық өңірде дабылды ескерту жарияланды

Астанада қар жауады, бұрқасын соғады, жолдарда көктайғақ болады.
Фото: PixabayФото:
Pixabay

Синоптиктер 16 желтоқсанда Қазақстан аумағының барлық өңірінде және елордада дабылды ескерту жариялады. Көктайғақ болады, қар жауады, бұрқасын соғады және тұман түседі, деп Sn.kz ақпарат порталы "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Астанада қар жауады, бұрқасын соғады, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 15–20 м/с жел соғады, екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.
Ақмола облысында қар жауады, бұрқасын соғады, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 15–20 м/с жел соғады, кей жерлерде екпіні 23–28 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады, бұрқасын соғады. Жел 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с.
Қостанай облысында қар жауады, бұрқасын соғады. Жел 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с.
Павлодар облысында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Желдің екпіні 15–20 м/с.
Қарағанды облысының батысы, солтүстігі мен шығысында қар жауады, бұрқасын соғады. Жел 15–20 м/с, түнде екпіні 23 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігі, шығысы және орталығында қар жауады, бұрқасын соғады. Жел 15–20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының түнде солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде, күндіз батысы, солтүстігі мен шығысында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстігінде тұман түседі. Жел 15–20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с.
Абай облысында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстігінде тұман түседі. Жел 15–20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с.
Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында көктайғақ болады, солтүстік, оңтүстік және таулы аудандарында тұман түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с.
Алматыда түнде және таңертең тұман түседі, көктайғақ болады.
Жетісу облысының таулы аудандарында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел 15–20 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел 15–20 м/с.
Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болып, тұман түседі. Жел 15–20 м/с.
Шымкентте күн соңында көктайғақ болады, кей уақыттарда тұман түседі.
Қызылорда облысының солтүстігі, оңтүстігі және орталығында жаңбыр, қар жауады, көктайғақ болады. Түнде солтүстігінде бұрқасын соғады. Жел 15–20 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Жел 15–20 м/с.
Маңғыстау облысының батысы, солтүстік-шығысы және орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысының шығысы мен солтүстік-шығысында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Жел 15–20 м/с.
Атырау облысының батысы, оңтүстігі және шығысында тұман түсіп, аяз болады.

16 желтоқсан 2025 ж. 29 0

Доллар бағамы төмендеді

15 желтоқсан 2025 ж. 165

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031