Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Республика бойынша қар жауып, көктайғақ, бұрқасын болады

Республика бойынша қар жауып, көктайғақ, бұрқасын болады

Елімізде температуралық фон өзгереді.
Фото: iStock
Ауқымды циклон Қазақстан Республикасының аумағының басым бөлігінде өз ықпалын сақтайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz "Қазгидромет" РМК ақпаратына сілтеме жасап.
Осыған байланысты қар жаууы мен бұрқасын жалғасады, ал елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ күтіледі, таулы аймақтарда бұрқасын болады. Республика бойынша желдің екпінді соғуы сақталады: жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнгі және таңғы сағаттарда тұман болжанады.
Температуралық фон да өзгереді: батыс өңірлерде түнде ауа температурасы 10-18 аяздан 3-13 аязға дейін ауытқиды, күндіз 0-15 аяздан 3 аяз – 5 жылуға дейін көтеріледі. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнгі уақытта температура 7-15 аяздан 12-28 аязға дейін төмендейді, күндіз 5-15 аяздан 8-18 аязға дейін болады. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде 3-11 аяздан 5-20 аязға дейін төмендеп, күндіз 5 аяз – 2 жылудан 1-13 аязға дейін өзгеруі күтіледі.
15 желтоқсан 2025 ж. 209 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 136

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 151

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 149

Бюджет түсімі артты

17 қаңтар 2026 ж. 136

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031