Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанды ауқымды циклон қамтыды: қар, бұрқасын және қатты жел күтіледі

Қазақстанды ауқымды циклон қамтыды: қар, бұрқасын және қатты жел күтіледі

Фото: pixabay.com
Ауқымды циклон Қазақстан Республикасының аумағының басым бөлігінде өз ықпалын сақтайды. Осыған байланысты қар жаууы мен бұрқасын жалғасады, ал елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ күтіледі, таулы аймақтарда бұрқасын болады, деп хабарлайды kazlenta.kz. 
Республика бойынша желдің екпінді соғуы сақталады: жылдамдығы 15–20 м/с, кей жерлерде 23–28 м/с-қа дейін күшейеді. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнгі және таңғы сағаттарда тұман болжанады.
Температуралық фон да өзгереді: батыс өңірлерде түнде ауа температурасы 10–18 аяздан 3–13 аязға дейін ауытқиды, күндіз 0–15 аяздан 3 аяз – 5 жылуға дейін көтеріледі. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнгі уақытта температура 7–15 аяздан 12–28 аязға дейін төмендейді, күндіз 5–15 аяздан 8–18 аязға дейін болады. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде 3–11 аяздан 5–20 аязға дейін төмендеп, күндіз 5 аяз – 2 жылудан 1–13 аязға дейін өзгеруі күтіледі.
15 желтоқсан 2025 ж. 240 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031