Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің 13 өңірінде қар, жел және көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің 13 өңірінде қар, жел және көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды

Атырау облысының батысында тұман күтіледі.
Фото: PixabayФото: Pixabay

"Қазгидромет" 2025 жылдың 9 қарашасына Астана мен еліміздің 13 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ақмола облысында жауын-шашын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 10 қарашада түнде қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар күтіледі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 09 қарашада оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. 10 қарашада солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 09 қарашада кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 10 қарашада түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 09 қарашада оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күші 15-20 м/с. 10 қарашада солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ.: 08 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде 23 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 09 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысының батысында тұман күтіледі.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с Жезқазған қ.: 09 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде аздаған жауын-шашын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік бөлігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с. Қарағанды қ.: 09 қарашада түнде аздаған жауын-шашын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
Астанада кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 10 қарашада кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 09 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз кей уақыттарда екпіні 23 м/с. 10 қарашада солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, қөқтайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23 м/с. Петропавл қ.: 09 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, қөқтайғақ, тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 09 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: 09 қарашада оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Қостанай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23 м/с. Қостанай қ.: 09 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Өскемен қ.: 09 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 15-18 м/с.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Семей қ.: 09 қарашада түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Түркістан қ.: 09 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

09 қараша 2025 ж. 121 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930