Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектеп лигасының жүлдесін меншіктеді

Мектеп лигасының жүлдесін меншіктеді


Қызылорда облысы білім басқармасының Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 9-11 ақпан күндері Қызылорда қаласында мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту және облыстық үздік команданы анықтау мақсатында "Ұлттық мектеп лигасы" бағдарламасына сәйкес гандболдан "Ұшқыр доп", волеболдан "Шұбар доп", баскетболдан "Алтын доп", тоғызқұмалақ, үстел теннисі және шахмат спорт түрлерінен облыстық іріктеу жарыстары өтті.
Жарыстың нәтижесі бойынша Гандболдан 7-8 сынып қыз балалар арасында өткен жарысқа Ғ.Мұратбаев атындағы №91 мектеп оқушылары қатысып жүлделі І орын, сондай-ақ аталған мектептің 7-8 сынып оқушылары тоғызқұмалақтан жүлделі ІІ орын және үстел теннисіне Ж.Жабаев атындағы №234 мектептің оқушылары қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленді.
Сонымен үздіктер қатарынан гандбол спорт түрі бойынша Ғ.Мұратбаев атындағы №91 мектептің 8 сынып оқушылары Іңкар Көбен мен Әлия Нұғман және үстел теннисіне Ж.Жабаев атындағы №234 мектептің 7 сынып оқушысы Салауат Сейілхан білім басқармасының Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының диполмымен марапатталды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

13 ақпан 2024 ж. 147 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031