Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда автолизингті зейнетақы жинақтары есебінен өтеу ұсынылды

Қазақстанда автолизингті зейнетақы жинақтары есебінен өтеу ұсынылды

Фото: freepik.com
Қазақстанда автолизингті халыққа қолжетімді ету үшін жаңа ұсыныс жасалды. Мәжіліс депутаты Олжас Құсбеков автолизинг бағдарламасының шарттарын жеңілдету және қаржылық жүктемені азайту мақсатында бірқатар бастаманы көтерді. Оның ішінде негізгі ұсыныстардың бірі – артық зейнетақы жинақтарын автолизинг бойынша қалған қарызды өтеуге пайдалану мүмкіндігін қарастыру. Бұл туралы депутат әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Максималды мөлшерлеме 45%-дан 15%-ға төмендетілді
Олжас Құсбековтың сөзінше, автолизинг Қазақстанда алғаш талқылана бастағанда максималды мөлшерлеме 45% деңгейінде болған. Мұндай жағдай азаматтардың көпшілігі үшін лизингті қолжетімсіз етті, өнім қымбат, тиімсіз әрі экономикалық тұрғыдан негізсіз болды. Кейін мөлшерлеме 36%-ға дейін төмендетілгенімен, талдау оның әлі де жоғары екенін көрсеткен.
Олжас Құсбековтің айтуынша, Үкімет, банктер және лизингтік компаниялармен жүргізілген бірқатар кеңестерден кейін автолизингтің максималды мөлшерлемесін 15%-дан асырмау туралы шешім қабылдады. Депутат бұл өнімнің экономикасын түбегейлі өзгертіп, оны халықаралық тәжірибемен салыстыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
45% → 36% → 15% жолы – бұл лизингті «қымбат эксперимент» емес, азаматтар үшін нақты, тиімді қаржы құралға айналдыруға бағытталған жүйелі жұмыс, – деді ол.
Тағы қандай бастамалар ұсынылды?
Депутат автолизингтің қолжетімділігін одан әрі кеңейту мақсатында қосымша бастамаларды ұсынды. Олжас Құсбековтің пікірінше, бұл ұсыныстар әлі талқылау кезеңінде болғанымен, механизмнің тиімділігін айтарлықтай арттыруы мүмкін.
Атап айтқанда:
  1. Әлеуметтік осал топтарға субсидияланған автолизинг енгізу.
    Бұл бастама лизингтің нақты құнын төмендетіп, көлікке аса мұқтаж азаматтарға қолжетімділік береді.
  2. Лизинг бойынша қалған қарызды өтеу үшін артық зейнетақы жинақтарын пайдалану мүмкіндігі.
Депутаттың айтуынша, бұл тәсіл лизинг мерзімінің соңында қалатын ірі соманы азайтып, ай сайынғы төлемдерді айтарлықтай төмендетеді. Сондай-ақ азаматтардың қаржылық жүктемесін алдын ала жоспарлауға жол ашады.
Бұл бастамалар – уәкілетті органдармен, қаржы секторы және сарапшылар қауымдастығымен жүргізілген тікелей жұмыстың нәтижесі. Біз механизмді қолжетімді, ашық және азаматтардың нақты қажеттіліктеріне бағытталған етіп жетілдіруді жалғастырып жатырмыз, – деп жазды ол.
Олжас Құсбековтің сөзінше, алдағы кезеңде автолизинг бағдарламасының шарттарын жетілдіру және практикалық тиімділігін арттыру бағытында жұмыс жалғасады.
Автолизинг бағдарламасы қашан іске қосылды?
2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда жеке тұлғаларға арналған жеңіл автокөлік сатып алудың жаңа тетігі – автолизинг жүйесі іске қосылды. Бұл бағдарлама бұрынғы жеңілдетілген автонесиенің баламасы ретінде ұсынылып, азаматтарға көлік алудың қосымша мүмкіндігін беруді мақсат етеді.
Автолизинг – белгілі бір мерзімге көлікті жалға алып, барлық төлем аяқталған соң оны өз иелігіне рәсімдеуге мүмкіндік беретін қаржылық тетік. Несиеге қарағанда бұл жүйенің басты айырмашылығы – көліктің толық құны өтелгенге дейін оның меншік иесі лизингтік компания болып қала береді, ал азамат көлікті күнделікті пайдалана алады.
Автолизингтің басты артықшылықтары
Біріншіден, азамат ай сайынғы төлемдер арқылы көлікке біртіндеп иелік ете алады. Екіншіден, жеңілдетілген автонесиеге қол жеткізе алмағандар үшін тиімді балама ретінде қарастырылады. Үшіншіден, көлік толық өтелгенге дейін лизингтік компанияның атында тұратыны қаржылық тәуекелдерді азайтып, рәсімдеу процесін жеңілдетеді.
Жалпы, жаңа автолизинг тетігі нарық сұранысына сай әзірленген және азаматтарға көлік сатып алудың қосымша мүмкіндігін ұсынады. Шарттары мен талаптары автонесие жүйесінен өзгеше болғанымен, түпкі мақсаты өзгермейді, яғни қазақстандықтардың көлікке қолжетімділігін арттырады.
04 желтоқсан 2025 ж. 50 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031