Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 4 желтоқсаннан бастап камералар көліктердің орташа жылдамдығын есептеп отырады

4 желтоқсаннан бастап камералар көліктердің орташа жылдамдығын есептеп отырады

4 желтоқсанда жол қозғалысы саласындағы өзгерістерге қатысты заң күшіне енді. Ол жол қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Әрбір үшінші жүргізуші трассада жылдамдықты шектен асырғандықтан қаза болады. Соны ескеріп ІІМ жаңа өзгеріс енгізді.
Енді халықаралық және республикалық маңызы бар жолдарда жүретін жүргізушілер бақыланады. Автоматты анықтау жүйелері арқылы түзу учаскелерде "орташа жылдамдығы" қанша екенін анықтайды.
"Орташа жылдамдық" жүріп өткен жолды уақыт аралығына бөлу арқылы есептеледі. Айыппұл орташа жылдамдықтың асып кетуіне байланысты 5-тен 40 АЕК-ке дейін болады”, – делінген хабарламада.
Жолдардың әртүрлі учаскелерінде "орташа жылдамдық" әр көлікті автоматты түрде жеке есептейтін формулаға сәйкес әртүрлі болады.
“Ішкі істер министрлігі жол қозғалысының барлық қатысушысын ережелерді сақтауға және басқа қатысушыларды құрметтеуге шақырады", – деді ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Ақтоты Боранова.

04 желтоқсан 2024 ж. 208 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031