Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігерлерді қорғау: Қылмыстық кодекске жаңа бап енгізілді

Дәрігерлерді қорғау: Қылмыстық кодекске жаңа бап енгізілді

Дәрігерлерді қорғауға арналған жаңа нормалар ұсынылды. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында дәрігерлер мен жедел жәрдем қызметкерлерін қорғауға арналған заң жобасын талқылау кезінде депутат Асхат Аймағамбетов мәлім етті.
Фото: Pexels
— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мұндай әрекеттер үшін жазаны қатаңдатуды бірнеше рет тапсырды. Осы заң — Президент тапсырмасының тікелей орындалуы, ал дәрігерлерді қорғау дегеніміз — ол «Заң мен Тәртіп» принципінің маңызды бөлігі. «AMANAT» партиясы өз бағдарламасында медицина қызметкерінің мәртебесін көтеруге уәде берген болатын. Сондықтаң бұл нормалар біздің сайлаушылар алдындағы уәдеміздің орындалуы. Қылмыстық кодекске жаңа 380-3-бабын енгіземіз. Ол «медицина қызметкері» және «жедел медициналық жәрдем жүргізушісі» деген арнайы субъектіні белгілейді, — деді А. Аймағамбетов.

Осы орайда депутат Қылмыстық кодексте дәл осылай, ерекше мәртебемен қорғалатын бірқатар мамандық бар екенін еске салды. Олардың қатарында полицейлер, құтқарушылар, арнайы қызмет және құқық қорғау органдарының қызметкерлері (380-1-бап), судьялар мен сот қызметкерлері, прокурорлар, әкімдер, депутаттар, салық инспекторлары тағы басқа (380-бап) билік өкілдері бар.

— Ал енді келесі қолданыстағы нормаға ерекше назар аударсақ — бұл қорықшылар мен жануарлар инспекторларын қорғауға арналған жеке бап (380-2-бап). Егер қорықшының денсаулығына зақым келтірсе, қылмыскер арнайы бап бойынша қазіргі уақытта қатаң жазаланады — ол 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Иә, бұл әділетті шешім. Ал егер адамның өмірін арашалап жатқан реаниматолог-дәрігерді соққыға жықса, бұл жай ғана даладағы бұзақылық сияқты жалпы негізде тергеледі. Бұл әділетті ме? Бүгінде жауапкершілік тым жеңіл. Бұзақы кішігірім айппұлын төлеп, жайбарақат жүре береді. Сондықтан дәрігерлерді қорғау үшін ұсынған арнайы баптың диспозициясын, санкцияларын және құрылымын егерьлерді қорғайтын баптағыдай қылып, тіпті сөзбе-сөз бердік, — деді депутат.

Бұл тұрғыда Мәжіліс депутаттары адамдардың өмірін құтқаратын ақ халатты жандарға да дәл қорықшыларға берілгендей қорғау мен жауапкершілік тетіктерін енгізуді ұсынды. 

Еске салсақ, биыл жазда Қостанайда дәрігерді соққыға жыққан бұзақы екі айға қамауға алынды. Сонымен қатар, маусым айында Қарағанды облысында ер адам екі дәрігерді соққыға жыққаны мәлім болды. 

26 қараша 2025 ж. 109 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930