Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігерді соққыға жығу әрекеттеріне жаза күшейтіледі — заң жобасы

Дәрігерді соққыға жығу әрекеттеріне жаза күшейтіледі — заң жобасы

Парламент Мәжілісінің қарауына «ҚР Қылмыстық кодексіне және ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы келіп түсті.
Фото: Pixabay.com
— Бұл маңызды заң жобасы дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін қорғау үшін әзірленді. Онда медицина өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны айтарлықтай қатаңдату жөніндегі нақты нормаларды ұсындық. Соңғы жылдары мұндай жағдайлар көбейіп барады. Бір дәрігер жұмыс орнында соққыға жығылса, тағы бірі жедел жәрдем шақырған үйден қорлық көрді. Осындай көріністерге жол беруге болмайды, — деді депутат Асхат Аймағамбетов Мәжілістің жалпы отырысында.

Осы орайда ол Мемлекет басшысы бұл мәселені бірнеше рет көтеріп, тисті тапсырма бергенін еске салды.
— Осы жазда да Президент депутаттардың бастамасын қолдап, Үкіметке нақты тапсырма берген еді. Сондықтан Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті осы заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын, — деді депутат.
Еске салсақ, биыл жазда Қостанайда дәрігерді соққыға жыққан бұзақы екі айға қамауға алынды. 
Сонымен қатар, маусым айында Қарағанды облысында ер адам екі дәрігерді соққыға жыққаны мәлім болды.

12 қараша 2025 ж. 180 0

Өнер мен өнеге ұштасқан

25 сәуір 2026 ж. 123

Бағыты оң бағдарлама

25 сәуір 2026 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930