Гандболдан облыс чемпионатының XII айналымы өз мәресіне жетті
Бүгін Қазалы ауданында дәстүрлі Гандболдан облыс чемпионатының XII айналымының қорытынды марапаттау шарасы өтті.Аудан орталығындағы «Әмір Арена» спорт кешенінде өткен облыс чемпионатының жабылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов қатысып, турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтады. Сондай-ақ Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен ауданның спорт саласындағы оң нәтижелі жұмыстармен спортшыларымыздың жетістігі жайында сөз қозғады.
Аудан әкімінің орынбасарынан кейін Қызылорда облысының гандбол федерациясының президенті, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Вячеслав Ким сөз сөйлеп, Гандболдан облыс чемпионатының Қазалы ауданында жоғары өтуіне қолдау көрсеткен аудан әкімі Алмасбек Есмахановқа алғысын жеткізді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Гандбол федерациясының президенті — Гүлнар Тұрлыханованың «Құрмет грамотасын» табыстады.
Мұнан кейін облыс чемпионатының жабылу рәсімі жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау шарасына ұласты. Гандболдан облыс чемпионатының XII айналымының қорытындысы бойынша жүлделі 1 орынды - Қызылорда командасы, екінші орынды - Жаңақорған ауданының гандболшы қыздары меленсе, жүлделі үшінші орын Қазалы командасына бұйырды. Мұнан бөлек чемпионатта үздік ойын көрсеткен спортшы қыздармен төрешілерге «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы», «Үздік бапкер» сынды номинациялар табысталды.
Айта кетейік, Гандболдан облыс чемпионатының қорытынды шарасы жыл сайын Қызылорда қаласында өткізіліп келсе, биыл алғаш рет Қазалы ауданында өткізіліп отыр.













