Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қосалқы стансаның құрылысы қарқынды

Қосалқы стансаның құрылысы қарқынды

Биыл ауданда тұрғындарды электр энергиясымен қамту бағытында бірқатар жобалар қолға алынып, жүзеге асуда. Соның бірі – Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентінің аралығындағы жаңадан ашылған кварталдардағы нысандар мен тұрғын үйлерге керекті электр энергиясының қуаттылығын арттыру үшін жүргізіліп жатқан қосалқы стансасының құрылысы.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаев Әйтеке би кентінің оңтүстік батыс беткейіндегі басталып жатқан қосалқы стансасының құрылыс жұмыстарын көріп, мердігерлермен кездесті. Жалғас Оңғарұлы мердігер мекеме «Энергомера» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Бекетай Мұқашовқа аталған жобаның кент пен қала аралығындағы тұрғындарды электр энергиясымен қамтуда маңызы жоғары екенін айтып, жұмыстардың сапалы әрі мерзімінде аяқталуына жұмыс жасау керегін айтты. Қазіргі таңда қосқалқы стансасының құрылысына тиісті материалдар жеткізілген. Сондай-ақ жер қазу жұмыстары толықтай аяқталып, фундаменттік блоктары орнатылды. Бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстарының 40 пайызы орындалды. Айта кетейік, бұдан бөлек биыл аудан тұрғындарын электр энергиясымен қамту бойынша Қазалы қаласы мен Қожабақы ауылының электр желілерін жаңартуға қаржы бөлініп, жұмыс жүргізілуде. Аталған жұмыстар аяқталғаннан кейін аудан бойынша тозығы жеткен желілерді 62,5 пайыздан 58 пайызға төмендетуді жоспарланып отыр.
Сонымен қатар биыл ауданға қарасты Түктібаев, Бозкөл, Жалаңтөс батыр, Қ.Пірімов, Жанкент, Абай ауылдарының жеке тұрғын үй секторын электрмен жабдықтау үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынып, қаржы бөлу мақсатында тиісті Министрлікке жолданды.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
03 қыркүйек 2025 ж. 27 0

Қауіпқке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 26

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 27

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 24

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 35

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930