Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізге Азиядан келетін студенттердің саны артты

Елімізге Азиядан келетін студенттердің саны артты

Қазақстанда 31,5 мың шетелдік студент білім алып жатыр
Фото: ЖИ
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мәжілістің жалпы отырысында айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанның өңірлік академиялық хаб ретінде қалыптасу бағытында министрлікпен жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні елімізде 31 500 шетелдік студент білім алып жатыр. Бұл – тарихи рекорд. Алғаш рет Азиядан келген студенттер саны ТМД студенттерінің санынан асып түсті. 2029 жылға қарай олардың санын 150 000-ға дейін арттыруды жоспарлаудамыз. Бұл мәселені ілгерілету үшін Study in Kazakhstan білім көрмесі ұйымдастырылып, іске асырылып келеді, – деді ведомство басшысы.

Оның аясында биыл Лондонда Қазақстан алғаш рет Bett Show 2025 көрмесінде ұлттық білім павильонын ұсынды. 2025 жылы білім көрмелері Ұлыбритания, Әзербайжан, Пәкістан және Қытайда өтті.

20 қараша 2025 ж. 193 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031