Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің жоғары оқу орындарында қанша шетелдік студент тегін оқиды

Еліміздің жоғары оқу орындарында қанша шетелдік студент тегін оқиды

Қазақстандық университеттерде оқуға мүмкіндік беретін білім беру гранттарына арналған конкурсқа әлемнің 80 елінен 2 149 адам қатысқан, деп хабарлады azattyq-ruhy.
«Осымен төртінші жыл қатарынан елімізде шетелдік азаматтарға, оның ішінде Қазақстан азаматы болып саналмайтын ұлты қазақ тұлғаларға арналған стипендиялық бағдарламаға үміткерлерді іріктеу жүргізілуде. Аталған бағдарламаға қатысуға ниет білдірушілер саны жыл сайын артып келеді. Биыл бағдарламаға қатысуға 6 024 өтінім келіп түсті. Үміткерлер бағдарлама талаптарына сәйкес қатаң іріктеуден өтті. Өтінім білдірушілер жоғары академиялық үлгерім, талап етілген құжаттардың бар болуы және іріктеудің барлық кезеңдерінен сәтті өтуі негізінде іріктелді. Қазіргі күнде үміткерлердің нәтижелерін талдау жұмыстары жүргізілуде», - деп Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өзінің Facebook парақшасында жазды.
Еске сала кетейік, биыл стипендиялық бағдарламаға қатысуға өтінім беру 30 наурыз бен 30 маусым аралығында жүргізілді. 2023 жылы аталған бағдарлама бойынша 550 грант бөлінді. Атап айтқанда, бакалавриат бағдарламаларына 490 грант, магистратураға 50 және докторантураға 10 грант бөлінген.
Соңғы шешім осы жылдың тамыз айының соңғы он күнінде Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы стипендиаттарды іріктеу жөніндегі Конкурстық комиссияның шешімімен қабылданады.
Айта кетерлігі, стипендиялық бағдарлама іске қосылғаннан бері оған қатысуға 10 мыңнан астам үміткер өтінім берген. Бағдарлама бойынша 139 стипендиат отандық жоғары оқу орнын тәмамдады. Бүгінде 538 студент аталған бағдарлама шеңберінде білім алып жатыр.
17 тамыз 2023 ж. 99 0

Мектептегі мұражай

30 сәуір 2024 ж. 183

Туған өңір - тұнған өнер

29 сәуір 2024 ж. 125

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031