Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сақ болыңыз, дипфейк! Алаяқтар жаңа технологияны пайдалануға көшті

Сақ болыңыз, дипфейк! Алаяқтар жаңа технологияны пайдалануға көшті

Технология қарқынды дамыған сайын алаяқтық әдістері де жетіліп келеді. Сондай қауіпті тәсілдің бірі – дипфейк. Бұл – жасанды интеллект арқылы жасалған жалған фото, видео, аудио жазбалар. Енді алаяқтар адамның түрін, дауысын, қимыл-қозғалысын айнытпай көшіріп, сол арқылы ақша немесе құпия ақпаратты оңай алуы мүмкін. Бұдан қалай сақтануға болады? Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі былай дейді.
Алаяқтар қалай алдайды?
  1. Жалған видеоқоңырау мен дауыстық хабарламалар. Сізге жақыныңыз видеоқоңырау шалып, шұғыл ақша аударуды сұрайды. Оның түрі мен дауысы таныс болып көрінуі мүмкін. Бірақ шын мәнінде бұл – алаяқтар жасаған дипфейк. Қазір осы схема әлемде кең таралған. Жақынына көмектесемін деп, қаскүнемдерге ақша аударып жіберген адам көп.
  2. Басшылардың видеоқоңырауы. Үлкен компаниялар да алаяқтардың құрбаны болып жатыр. Көбінесе кәсіпорын қызметкерлеріне бас директордың немесе қаржы директорының дипфейк-видеосы жіберіліп, ақша аудару талап етіледі.
  3. Жалған сұхбаттар. Саясаткерлер, кәсіп­керлер, танымал тұлғалар дипфейк шабуылы­ның құрбанына айналды. Бет-әлпеті мен дауысы жасанды интеллект көмегімен өзгертіліп, олардың атынан жалған ақпарат таратылады. Мұндай видеолар өте шынайы көрінетіндіктен, көпшілік алданып қалуы мүмкін.
 
Жалған екенін қалай білеміз?
- Көз бен мимикаға назар аударыңыз. Дипфейктерде көздің қозғалысы табиғи емес, жыпылықтау жиілігі өзгеше болады.
- Дыбысты мұқият тыңдаңыз. Дауыс дұрыс шыққанымен, ерін қозғалысы сөзбен сәйкес келмеуі мүмкін.
- Ақпарат көзін тексеріңіз. Егер видео күмәнді көрінсе, оның түпнұсқасын іздеңіз немесе тікелей сол адамнан сұраңыз.
- Арнайы тексеру құралдарын қолданыңыз. Интернетте дипфейктерді анықтайтын бағдарламалар бар.
 
Қалай қорғануға болады?
  • Телефонмен жақыныңыз хабарласқанда бірден ақша аудармаңыз. Алдымен қайта қоңырау шалып, сұрақ қойыңыз.
  • Кез келген видео немесе дауыстық хабарламаны тексеріңіз. Күмәндансаңыз, қосымша ақпарат іздеңіз.
  • Жеке деректеріңізді қорғаңыз. Интернетте жеке фотоларыңызды, видеоларыңызды және дауыстық жазбаларыңызды ашық жарияламаңыз.
  • Қызметкерлеріңізге ескертіңіз. Ірі компаниялар қызметкерлеріне дипфейк алаяқтығы туралы ескертуі қажет.
  • Жаңа технологияларды қолданыңыз. Жасанды интеллект әзірлеушілері дипфейкті анықтайтын түрлі құралды ұсынады.
Дипфейк – тек ойын-сауық емес, адамдардың қалтасын қағып, беделін түсіретін қауіп. Бұл технологияны алаяқтар жиі пайдаланады. Сондықтан ақпаратты мұқият тексеріңіз. 

egemen.kz
22 ақпан 2025 ж. 1 042 0

Бау-бақшасы жайқалған

30 наурыз 2025 ж. 270

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31