Сатқындық жайлы жазған Аша Матай елді ойландырып қойды
Осыдан біраз уақыт бұрын жаңа клип үшін желіні шулатқан Аша Матай тағы да жұрттың қызу талқысына түсті. Өнер иесі бұл жолы Instagram парақшасында сатқындық мәселесін қозғады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Өмір болғасын ащысы мен тәттісі қатар жүреді. Сеніміңді сыйлаған жаннан сатқындықты да көріп, адам аттыдан көңілің де қалар. Бірақ ешқашан сеніміңді жоғалтпа! Себебі өмір жалғасады. Тығырыққа тіреліп шығу жолын таппауың мүмкін. Бүкіл әлем саған қарсы тұрғандай болса да, күресіңді тоқтатпа! Себебі өмір жалғасады.
Сүрінерсің, сен сүйген жан сені сүймеуі мүмкін. Бақытты бар жаныңмен аңсасаң да, сені түсінетін адам бұл өмірде жоқ болып көрінсе де, қорықпа! Жүрегіңді ашық ұста. Өйткені өмір жалғасады. Жаңа күн жаңалығымен келеді сенесің бе?! Бұның бәрі бір кездесуден, бір көзқарастан, бір сәтте өзгеріп шығады. Бақытқа да бөленерсің, жетістіктерге жетерсің, бір мезетте өзіңді әлемдегі ең бақытты адам боп сезінерсің. Бірақ сонда да ұмытпа, өмір жалғасады", - деп жазды Аша Матай.
Ал желі қолданушылары өнер иесінің бұл ісін кезекті клипін жарыққа шығарғалы жатыр деп болжаған.
"Жаңа клип шыққалы жатыр ма?", "Өзіңізге қалай көңіл аудартуды білмей жүрсіз бе?", "Тағы да екеуіңіз бір-біріңіздің парақшаларыңыздан шығып кетесіздер ме? Кезекті хайп па?".
"Тағы да жұмбақтап, елді дүрліктіріп не болып қалды?", "Ажырасып пиар жинағанша, берік отбасы ретінде көрінсеңдерші", "Ерлі-зайыптылардың арасында бәрі болып тұрады" деп жазды желідегілер.
Естеріңізге сала кетейік, Арман Қоңырбаев пен Аша Матай жаңа бейнебаяндары үшін жұртты шулатқан болатын.