Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырғызстанда енді түнгі клубтар тек 22:00-ге дейін ғана жұмыс істейді

Қырғызстанда енді түнгі клубтар тек 22:00-ге дейін ғана жұмыс істейді

Бұл туралы заң қабылданған 
Қырғызстанда енді түнгі клубтар тек 22:00-ге дейін ғана жұмыс істейді
Фото:
iStockphoto.com
Қырғызстандағы барлық той, ойын-сауық, кафе, мейрамхана және түнгі клубтар сағат 22:00-ге дейін жұмысын аяқтауы тиіс. Бұл туралы Қырғызстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қамшыбек Ташиев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy akipress-ке сілтеме жасап. 
Оның айтуынша, бұл шешім тыныштық туралы заңға сәйкес қабылданған.
«Біз шешім қабылдадық, бірақ ол орындалмай отыр. Жақында Бішкекте менің әріптесім түн ортасына дейін той тойлаған. Жалал-Абадта да солай, адамдар түнгі 12-ге дейін мейрамдатқан, оларға ешкім қой демеген», - деді Ташиев.
Ол Министрлер кабитінің шешімінде жергілікті өзін-өзі басқару органдары тыныштық туралы заңның орындалуын бақылауға міндетті екені нақты көрсетілгенін атап өтті.
«Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары, сіздер жазбаша тапсырманы орындамай отырсыздар. Енді мен ресми түрде тапсырамын. Барлық жерде сағат 22:00-ден кейін той, ойын-сауық, кафе, мейрамхана және түнгі клубтардың жұмысы тоқтауы керек. Кім бағынбаса, жарығын өшіріңіз», - деді Ташиев.
Ол 22:00-ден кейін мейрамханаларда электр қуаты өшірілетінін атап өтті.



14 қараша 2025 ж. 225 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031