Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Вице-министр елімізде қандай дәрілер арзандағанын айтты

Вице-министр елімізде қандай дәрілер арзандағанын айтты

Енді дәрінің бағасына маркетинг пен көлік шығындары қосылмайды
Вице-министр елімізде қандай дәрілер арзандағанын айтты
Фото:
freepik.com
Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек бағасын есептеу жүйесін жаңартып жатыр. Биыл қазан айында халық арасында сұранысқа ие препараттардың бағасы орташа 11%-ға төмендеген. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, енді дәрілердің бағасына маркетинг пен көлік шығындары қосылмайды. Генерик дәрілердің (түпнұсқаның көшірмесі) шекті бағасы түпнұсқа дәрілердің бағасынан 30%-ға арзандатылды. Ал бағаларды салыстыру үшін іріктелетін «референттік елдер» тізімі жаңартылған. Осылайша 100-ден астам елдің бағалары бар халықаралық дерекқорға қол жеткізген.
«Жаңа баға қалыптастыру механизмі негізінде тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемі мен МӘМС аясында дәрі-дәрмектің 2 900 сауда атауы, бөлшек және көтерме сауда үшін 4 900 атауы бойынша бағалар қайта қаралды. 2025 жылы Бірыңғай дистрибьютор өткізген сатып алулар нәтижесінде 70,5 млрд теңге үнемделді. Үнемделген қаражат қосымша дәрі-дәрмек сатып алуға бағытталды. Осы жылдың қазан айында бөлшек сауда желісін мониторингтеу нәтижесінде халық арасында сұранысқа ие препараттардың бағасы орта есеппен 11%-ға төмендеді», - деді Мұратов Үкімет отырысында.
Әсіресе ең көп төмендеу (20%-дан астам) жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеуге арналған препараттар (Валмак-Н), антибиотиктер (Цефяпс, Зитмак, Левофлоксацин-Тева) және қабынуға қарсы препараттар (Ревмоксикам) бойынша байқалған.

Қазақстандықтар дәрі-дәрмектің шекті бөлшек бағасын көре алады

Вице-министрдің айтуынша, «Қазақтелеком» компаниясымен бірлесіп Naqty Onim (Нақты Өнім) мобильді қосымшасы арқылы дәрілердің шекті бөлшек бағасын көрсететін функционал енгізілді.
«Енді дәрі-дәрмекті сату ережелері бұзылған жағдайда осы мобильді қосымша арқылы министрлікке шағым түсіре алады», - деді Мұратов.



11 қараша 2025 ж. 132 0

Кәсіби шеберлік ордасы

11 қараша 2025 ж. 147

Темір жол – өмір жолы

11 қараша 2025 ж. 125

Ауылда мешіт ашылды

11 қараша 2025 ж. 137

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930