Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәріханалардағы 5 мыңнан астам дәрі-дәрмектің бағасы 30%-ға дейін арзандауы мүмкін

Дәріханалардағы 5 мыңнан астам дәрі-дәрмектің бағасы 30%-ға дейін арзандауы мүмкін

Фото: www.istockphoto.com
Денсаулық сақтау министр­лігі дәрі-дәрмектің бағасын төмендетуді және тір­кеу рәсімдерін оңайлату арқылы олардың на­­рыққа қолжетімділігін жеңілдетуді жос­пар­ла­ды. Бұл туралы вице-министр Ержан Нұр­лы­баев айтты, - деп хабарлайды Аikyn.kz.
– Дәрілік заттардың шекті бағасын белгілеу мо­делі өзгертілді. Бұрын шекті бағаларға енгі­зіл­ген, бүгінде негізсіз деп танылған кейбір үсте­меақы алып тасталды. Фармацевтикалық қо­ғам­дастықпен бірге аталған модельді сынақтан өт­кізу бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жа­тырмыз. Нәтижесінде, ТМККК және МӘМС шең­беріндегі дәрі-дәрмектің бағасы шамамен 19%-ға, ал көтерме-бөлшек саудадағы баға ша­ма­мен 30%-ға төмендейді деп күтудеміз, – деді Е.Нұрлыбаев.
Оның айтуынша, шекті бағаны реттеу тетігі қай­та қаралған соң дәрі-дәрмектің бағасы халық үшін емханалар мен стационарлар арқылы ұсы­нылатын тегін тізбеде де, сондай-ақ бөлшек дәрі­ханаларда да барынша қолжетімді болмақ. Жаңартылған препараттардың тізбесі ТМККК және МӘМС шеңберінде – 3 475 дәрілік заттың және 2 917 медициналық бұйымның атауын, ал кө­тер­ме және бөлшек сауда үшін  5 936 атауды қам­тиды.
ДСМ вице-министрінің дерегіне сәйкес, ба­ғаны төмендетудің орташа көрсеткіші келе­сі­дей болуы мүмкін: 2 222 дәрі-дәрмек аталымы бойын­ша – 18%-ға дейін, 1 847 медициналық бұйым­ның түрі бойынша – 14%-ға дейін, дәрі­ханалардағы 5 492 дәрі-дәрмектің аталымына қа­тысты баға  30%-ға дейін арзандауы ықтимал. 
Естеріңізге сала кетейік, бүгінде елімізде осы салада 207 қазақстандық тауар өндіруші жұмыс істейді. Отандық фармкәсіпорындардың тек 43-і дәрілік заттарды өндіреді. Көпшілігі, 164-і медициналық бұйым­дар жасаумен айналысады.
08 тамыз 2025 ж. 242 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 142

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 148

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031