Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл жер қойнауын пайдаланушылармен 17 келісімшарт бұзылды

Биыл жер қойнауын пайдаланушылармен 17 келісімшарт бұзылды

Биыл жер қойнауын пайдаланушылармен 17 келісімшарт бұзылды. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев айтты. 
Фото: freepik.com
— Жыл сайынғы мониторинг нәтижесінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың атына жалпы сомасы шамамен 19 млрд теңгеге келісімшарттық міндеттемелерді бұзу туралы 167 хабарлама жолданды. Бүгінгі таңда мемлекеттік бюджетке шамамен 2 млрд теңге өтелді. Бұл жұмыс министрліктің тұрақты бақылауында. Министрлік қабылданған келісімшарттық міндеттемелерді орындамай ұзақ уақыт ұсталатын жер қойнауы учаскелерін тексеру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында осы жылы 17 келісімшартты бұзды, — деді вице-министр.
Оның айтуынша, мемлекетке қайтарылған жер қойнауының учаскелері инвестициялар тарту үшін аукционға қойылады.
— Мемлекет басшысының жаңа өндірістер құру және мұнай-газ жобаларындағы қазақстандық тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің үлесін ұлғайту жөніндегі тапсырмасы аясында министрлік елішілік құндылықты дамыту жөнінде тұрақты шаралар қабылдап жатыр. Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін пайдалана отырып, министрлік жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынатын тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту туралы есептерін үнемі талдайды. Талдау нәтижелері бойынша отандық өндірушілердің үлесін ұлғайту және олардың одан әрі дамуын қолдау үшін шаралар қабылданып жатыр. Бұл жұмыстың нәтижесі биыл ірі операторлар мен отандық тауар өндірушілер арасында жалпы сомасы 467,3 млн доллар болатын 40 келісімшартқа қол қою болды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр, — деді ол.
Айта кетейік, Үкімет отырысында геология және жер қойнауын пайдалану саласын дамыту, цифрландыру шаралары, сонымен қатар халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі пысықталды.

11 қараша 2025 ж. 92 0

Кәсіби шеберлік ордасы

11 қараша 2025 ж. 147

Темір жол – өмір жолы

11 қараша 2025 ж. 125

Ауылда мешіт ашылды

11 қараша 2025 ж. 137

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930