Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанға құны 26,7 миллиард теңге болатын бірегей көл қайтарылды

Қазақстанға құны 26,7 миллиард теңге болатын бірегей көл қайтарылды

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекетке құны 26,7 миллиард теңге болатын бірегей "Теке" көлін қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2020 жылы ас тұзын өндеуге арналған келісімшарт шеңберінде жергілікті атқарушы органдар жер қойнауын пайдаланушыға жалпы ауданы 21,5 мыңга Теке көлін бергені анықталды.
"Дегенмен, 2022 жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тоқтатылуына қарамастан, уәкілетті орган жер кодексінің талаптарына қайшы, екі жылдан астам уақыт бойы сотқа дейінгі тәртіппен шартты біржақты бұзу жөнінде шаралар қабылдамаған, бұл су қорының жерлерін мақсатсыз пайдалануға әкелді", - делінген хабарламада.
Бұдан басқа, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодекстің талаптарына қарамастан, шаруашылық жүргізуші субъектісі құзыретті органның ресми сайтында жер қойнауын пайдаланушылардың тізілімінен алынбаған.
"Мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының қабылданған шараларымен жер учаскесін жалдау шарты сотқа дейінгі тәртіппен біржақты бұзылды. Кадастрлық құны 26,7 миллиард теңге болатын жалпы ауданы 21,5 мың гектар ащы — тұзды Теке көлі мемлекеттік меншікке қайтарылды.
Құзыретті органның интернет-ресурстарындағы мәліметтер сәйкестендірілді, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.
Мемлекет мүдделерін қорғау мәселелері СҚО прокуратурасының ерекше бақылауында.
20 наурыз 2025 ж. 168 0

АСЫҚ ОЙНАҒАН ОЗАДЫ

29 наурыз 2025 ж. 18

ҰШҚЫР ДОП ШЕБЕРІ

29 наурыз 2025 ж. 20

Келіннің ақылы

29 наурыз 2025 ж. 27

Жеңімпаз атанды

29 наурыз 2025 ж. 20

Жаңа көпір бой көтереді

29 наурыз 2025 ж. 21

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31