Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көмірсутек саласында құқық бұзғандарға 50 млрд теңге айыппұл салынды

Көмірсутек саласында құқық бұзғандарға 50 млрд теңге айыппұл салынды

Көмірсутектер саласындағы жер қойнауын пайдаланушылар келісімшарттарды орындамағаны үшін айыппұл төлейді. Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлім етті.
Фото: Pixabay.com
Ведомствоның мәліметінше, бүгінде еліміз бойынша көмірсутектер саласындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың жалпы саны — 327, оның ішінде барлау бойынша — 133, дайындық кезеңінде — 12, өндіру бойынша — 182.
ҚР Энергетика министрлігі 2025 жылғы 1 маусымнан бастап қолданыстағы заңнамаға сәйкес көмірсутектер саласындағы жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерді орындауын мониторингілеу бойынша кешенді жұмыс жүргізді.
— Жүргізілген жұмыс нәтижесінде салынған айыппұлдар мен берешектердің жалпы сомасы 50 млрд теңгені құрады, оның ішінде 2024 жыл бойынша — 19 млрд теңге. Жер қойнауын пайдаланушылардың атына 160-тан астам хабарлама жолданды, — делінген хабарламада.
Қазіргі таңда шамамен 1 млрд теңге өтелді, бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Сондай-ақ, Министрлікпен ағымдағы жылдың 9 айында жер қойнауын пайдалану бойынша 11 келісімшарттың күші жойылды.
Айта кетейік, жер қойнауын пайдаланушылар отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттар жасасты.

29 қыркүйек 2025 ж. 161 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728