Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл жер қойнауы 739,6 млн теңгеге ұтымсыз пайдаланылды

Биыл жер қойнауы 739,6 млн теңгеге ұтымсыз пайдаланылды

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев айтты.
2020 жылы 169 тексеру жүргізілді, оның ішінде рұқсат беру бақылауы – 125, жоспардан тыс тексерулер – 33, жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар талаптарын сақтау бойынша баруы – 11. Жалпы сомасы 47,1 млн теңгеге әкімшілік айыппұлдар салынды және өндірілді, - деді Қарағаев.

Ол атағандай, 2020 жылы жер қойнауын ұтымсыз пайдаланғаны үшін 1 млрд 833 млн теңге сомасында залал есептелді, оның ішінде 646 млн теңге өндірілді.
Қалған 1 млрд 187 млн теңге сомасына жер қойнауын ұтымсыз пайдаланғаны үшін залалды өндіріп алу бойынша жұмыс жүріп жатыр. 2021 жылғы қаңтар-маусымда 94 тексеру жүргізілді, оның ішінде рұқсат беру бақылауы – 62, жоспардан тыс тексерулер – 20, профилактикалық бақылау – 12. Жалпы сомасы 38,4 млн теңгеге әкімшілік айыппұлдар салынды және өндірілді. Бірінші жартыжылдықта жер қойнауын ұтымсыз пайдаланғаны үшін 739,6 млн теңге сомасында залал есептелді, оның ішінде 712,0 млн теңге өндірілді, - деді Жұмабай Қарағаев.

06 тамыз 2021 ж. 417 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031