Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шәкірт шыңдаудың шебері

Шәкірт шыңдаудың шебері

Жұмысшы мамандығы адамнан еңбек пен жауапкершілікті қатаң талап етеді. Темір жол бойындағы кәсіп иелерін дайындайтын Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің ұстазы Карбоз Изеевтің есімі еңбегімен елеулі.
Отандық теміржол, оның ішінде Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі мен аудан магистралінде өшпес қолтаңбасы қалған жан жарты ғасырға жуық өмірін дәл осы салаға арнаған.
Таңдаулылардың таңдаулысына берілетін, ең құрметті марапат «Құрметті теміржолшы» оның тізгініне сонау Кеңес үкіметі тұсында-ақ тиген.
«Сол кезеңдегі саясат бойынша практикалық тәжірибе болмаса, ешкімді оқуға алмайтын. 18 жасқа толмаған тәжірибесіз бізді кешкі оқуға қабылдап, Шалқардағы тепловоз жөндейтін зауытқа апарды. Күндіз жұмыс істейміз, кешке оқимыз. Екі жылда алты цехта болдық. Теориялық білім өз алдына. Өндірісте өткізген уақыт өмірімізге көп көмегін тигізді. Зауыттың ішінде жұмыспен толық танысып, үйреніп, дайын маман болып шықтық. Үшінші курсқа келгенде күндізгі бөлімге ауыстым», – деп өткен күндерді еске алады.
1985 жылы техникумды бітіріп, жолдамамен Қазалы локомотив жөндеу депосына келген жас бір жылдан соң СРПТУ-2 мекемесіне өндірістік оқыту шебері болып ауысады.
Алғашында локомотив шаруашылығы мамандығы бойынша маман табылғанша уақытша жұмыс істей тұруға бекінгенімен, мамандықтың қыр-сырына қанаға жүріп, дәл осы іске машықтанады.
Еңбек ер еткен маман уақыт ағамына орай түрлі қиын кездерге тап келсе де, сүйікті ісінен қол үзбей, талай түлектің томағасын сыпырып, қанша толқын теміржолшыны тәрбиеліп, өндіріске қосады.
Талап пен тәртіп, тәрбие мен тағылымды ұштастыра белген ұстаздың шәкірттері қатарында халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, өз саласында жақсы жетістігімен көрінген 300-ге жуық майталман теміржолшы оның атын мақтанышпен атайды. Алысты жақын еткен сапар жолдарында Карбоз Жақсыбайұлының шеберханасында шыңдалған қаншама жұмысшы мамандығының жұмысының нәтижесін көпшілік әлі де көріп келеді. Тәуелсіздік тартуы – ұзындығы 187 шақырым «Ақсу-Дегелең» темір жол желісі, Павлодарды Семеймен байланыстырған, Қостанай және Ақтөбе облыстарын жалғаған ұзындығы 404 шақырым «Хромтау-Алтынсарин», жалпы көлемі 150 шақырымды құрайтын «Шар-Өскемен» теміржол желісі бойынан көрсетілген аймақтар арасында жүк және жолаушылар тасымалы үшін біздің түлектер аянбай еңбек етуде.
Жолдар «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына енгізіліп, студенттеріміз түрлі премияға ие болды.
«Еңбек еткенге, құрмет басын иеді» деген сөз осындайда ойға оралады.
Анар АХМЕТОВА,
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі директорының
оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары
11 қараша 2025 ж. 27 0

Кәсіби шеберлік ордасы

11 қараша 2025 ж. 41

Темір жол – өмір жолы

11 қараша 2025 ж. 48

Ауылда мешіт ашылды

11 қараша 2025 ж. 21

Шәкірт шыңдаудың шебері

11 қараша 2025 ж. 28

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930