Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіби шеберлік ордасы

Кәсіби шеберлік ордасы

«Жолдар мұратқа жеткізеді» дейді халық нақылы. Мұнан артық жол туралы теңеу табу қиын. Өндіріске қосылғанына ғасырдан астам уақыт болса да, теміржол саласына деген сұраныс әлі де жоғары. Тиімді өнертабыс екенін дәлелдеумен келеді. Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі – еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру саласында ерекше орны бар, тарихытерең оқу орны. Бұл колледж сан жылдар бойы мыңдаған жас мамандарды өмірге қанаттандырып, олардың болашағына жол ашуда.
Алғашқы фабрика-завод училищесіретіндеқұрылғаннан бері оқу орны үздіксіз дамып, түрлі кезеңдерде кәсіптік-техникалық училище, лицей, ал бүгінде жоғары колледж мәртебесінеие болуда. Бұл – оқу орнының сапалы білім беру мен заман талабына сай өзгерістерге бейімделе алғанының дәлелі.
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі қазіргі таңда заманауи материалдық-техникалық базаға ие. Ел ертеңдеріне жасалған әрбір жаңалық жанымызды жадыратады. Себебі бұл қарашаңырақ менің де қалыптасып, мол тәжірибе жинауыма, мүмкіндігім мен нақты қадам жасауға бейімделуіме үлкен көмегін тигізді. Осында қатардағы слесарьден бастап, шебер, теміржол училщесі директорының орынбасары, сол училщенің директоры қызмет сатысына өтіп, ширек ғасыр басшылық қызмет атқардым.
Осы уақыт аралығында Қазақстан теміржолына әртүрлі мамандықтар бойынша 51 мыңнан астам мамандар даярланып, өндіріске жіберілді. Шәкірттеріміздің алды теміржол басқармасының генералдары, депо, зауыт басшылары болып, әлі күнге егеменді еліміздің экономикасын көтеру, әлеуметтік жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосып келеді. Сол тұста Қазалы теміржол училщесі екі дүркін Бүкілодақтық социалистік жарыстың жеңімпазы ВЦСПС-тің қызыл туымен ақшалай сыйлығын жеңіп алып, училщеге Бүкілодақтық комсомол сыйлығының лауреаты атағы берілді.Екі мәрте Бүкілодақтық жиынға,бір рет бүкілодақтық съезге қатысу мүмкіндігі туды.
Осының бәрі еңбектің арқасы. Еңбек еткеннің еңсесі биік. Өзімнің саналы ғұмырымда, қандай қызмет, қандай жағдайда болсын, жұмысшы мамандығымның ықпалы көп тиді. Қандай заманауи қондырғы пайда болып, жұмысты жеңілдетсе де, адам санасы арқылы жасалған істің нәтижелілігі жоғары болады.
Көлік-техникалық колледжі еңбек нарығында қажетті, бәсекеге қабілетті кәсіби мамандар даярлауда өз орнын қалыптастырған оқу орны. Өндіріс – өркендеудің алғышарты. Заман ілгерілеген сайын оларға деген сұраныстың ешқашан бәсеңсімейтіні белгілі. Көлік, теміржол, механика және техникалық қызмет көрсету бағыттары бойынша мамандықтар алатын әр студент теориялық біліммен қатар, өндірістік тәжірибе арқылы кәсіби машықтарын жетілдіреді.
Бүгінгі таңда заман талабына сай білім берудің жаңа әдістерін енгізіп, студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытуға зор көңіл бөліп келе жатқанына куәміз. Бір ғана мысал, «Жас маман» жобасы аясында оқу орны жаңа жабдықтармен қамтамасыз етіліп, білім сапасын арттыруға мүмкіндік алып отыр.
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі – тек білім ордасы ғана емес, жастардың арманына жол ашатын, өмірге бағыт беретін үлкен мектеп. Мұнда әрбір студент өз болашағын сеніммен құрып, кәсібилікке алғашқы қадамын басады.
Техникалық және кәсіптік білім беру саласында бәсекеге қабілетті кәсіби мамандар даярлау арқылы тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуге үлес қосып отырған ұжымды мерейлі тойымен құттықтап, «тек биіктерден көріне беріңдер!» дегім келеді.
Оразғали БЕКБАНОВ,
ҚР білім саласының Құрметті азаматы,
Қазақстан кәсіптік білім беру саласының үздігі


11 қараша 2025 ж. 57 0

Кәсіби шеберлік ордасы

11 қараша 2025 ж. 58

Темір жол – өмір жолы

11 қараша 2025 ж. 78

Ауылда мешіт ашылды

11 қараша 2025 ж. 22

Шәкірт шыңдаудың шебері

11 қараша 2025 ж. 29

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930