Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Банк шоттарын бұғаттау: Ұлттық банк жаңа түзетулер туралы айтты

Банк шоттарын бұғаттау: Ұлттық банк жаңа түзетулер туралы айтты

Фото:depositphotos.com/ Johnnyimagine
Қазақстанның Ұлттық банкі қаржы нарығындағы алаяқтық операцияларға қарсы іс-қимылды күшейтуге, ұлттық Антифрод-орталығының функционалын кеңейтуге, сондай-ақ алаяқтық әрекеттерден зардап шеккендерге қаражатты қайтаруды жеңілдетуге бағытталған заңнамалық түзетулердің қабылданғаны туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Енді алаяқтық белгілері бар транзакциялар бойынша бұғатталған қаражатты тергеу органдарының хабарламасы негізінде прокурордың санкциясымен қайтаруға болады (бұған дейін сот шешімі талап етілетін).
Бұдан бөлек, ұлттық Антифрод-орталығы жанынан заңсыз операцияларға қатысы бар күмәнді төлем карталары мен электрондық әмияндардың деректер базасы құрылып жатыр.
"Алаяқтық күдігіне байланысты банк шоттары бұғатталған адамдар үшін зейнетақы, стипендия, жәрдемақы немесе жалақы аясында жүзеге асырылатын әлеуметтік төлемдер мен өзге де ақша аударымдарына қолжетімділік сақталады", – деп мәлімдеді Ұлттық банк.
Күдікті операцияларды қаржы ұйымдарының сапалы талдауы үшін алаяқтық белгілері бар транзакцияларды бұғаттау мерзімі 3-тен 5 жұмыс күніне дейін ұзартылды.
"Бұл өзгерістер алдау әрекеттеріне жеделірек әрекет етуге, алаяқтықпен, есірткі саудасымен, қаржы пирамидаларымен және заңсыз ойын бизнесімен тиімдірек күресуге мүмкіндік береді. Біздің мақсат – Қазақстанда алаяқтық пен өзге де заңсыз операцияларға қарсы тиімді жүйе құру, бұл қауіптерге алдын ала ден қою", – деді Ұлттық банктің төраға орынбасары Берік Шолпанқұлов.
Сонымен қатар, ұлттық Антифрод-орталығы өзінің базаларын Бас прокуратурамен, ҰҚК-мен, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және мобильді операторлармен біріктіреді.
Антифрод-орталықты дамытудың келесі кезеңі – банк қосымшаларындағы күдікті белсенділікті анықтап, күмәнді аударымдарды банкаралық деңгейде бұғаттайтын жасанды интеллект технологиясын енгізу болмақ.
28 тамыз 2025 ж. 215 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 142

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 136

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 123

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031