Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 100 пайыз нәтиже көрсетті

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 100 пайыз нәтиже көрсетті

Фото: Оқу ағарту министрлігі
Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбеде 5-9 қараша аралығында өткен KhIMIO2025 халықаралық математика және информатика олимпиадасында қазақстандық оқушылар жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына сегіз медаль салды. Байқауға 10 мемлекеттен дарынды оқушылар қатысты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстан құрамасы екі жас санатында 14-15 жас (7-8 сынып) және 16-18 жас (9-11 сынып) аралығындағы оқушылардан құралды.

Нәтижесінде қазақстандықтар жүз пайыздық көрсеткішке қол жеткізді.
Жоғары жас санаты (9-11 сынып):
Мансур Мамадахунов – Қызылорда облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика);
Алдияр Сейтбай – Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика);
Әли Еркебұланұлы – ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі, Алматы (математика);
Бердібек Орынбасар – Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернаты (математика).


Кіші жас санаты (7-8 сынып):
Ахмет Бердімұрат – Ақтөбе облыстық «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернаты (математика);
Темір Оразбек – Республикалық физика-математика мектебі, Алматы (математика);
Азамат Рахимбердиев – Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика);
Ислам Ермуханов – Ақтөбе облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика).
Олимпиаданың жұмыс тілдері – ағылшын, орыс және тәжік тілдері. Қатысушылар математика мен информатика пәндері бойынша теориялық және практикалық турларда білімдерін сынады.
Қазақстан құрамасының олимпиадаға қатысуы Оқу-ағарту министрлігінің тікелей қолдауымен, сондай-ақ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асты.
09 қараша 2025 ж. 313 0

Төрт облыста жол ашылды

12 наурыз 2026 ж. 17

Қазақстанда күн жылынады

11 наурыз 2026 ж. 184

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031